Футбол көргені үшін жас жеткіншектер ажал құшты

О Сансызбай Корреспондент
Футбол көргені үшін жас жеткіншектер ажал құшты

Ирактың Мосул қаласында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелері футбол көргені үшін 13 жеткіншекті жұрт алдында атып тастаған. Бұл туралы International Business Times басылымы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Өзге де шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Ислам мемлекетінің» содырлары Австралия жерінде өтіп жатқан Азия кубогындағы Ирак пен Иордания кездесуін тамашалаған 13 жеткіншекті "футбол көріп, харам іс жасады" деп халықтың алдында өлім жазасына кескен. Себебі, олар футболды батыс елдері ойлап тапқан, жастарды адастыратын жол ретінде санайды екен.

Қазіргі таңда «Ислам мемлекеті» деген атаумен ұйым құрып алған содырлар қатыгездігімен әлемге танылып келеді. Олар 2014 жылдың маусым айынан бері Ирак пен Сирияның біраз аумағын басып алып, өз билігін жүргізуде.

Сурет: sports.fjsen.com