Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Марадона мен Мессиді жаттықтырған бапкер

Марадона мен Мессиді жаттықтырған бапкер

Марадона мен Мессиді жаттықтырған бапкер

Футбол тариxында Диего Марадона мен Лионель Мессидің аттары алтын әріппен сақталды (сақталып жатыр) десек артық айтқандық емес шығар. Біріншісі өткен ғасырдың соңында жасындай жарқылдаса, екіншісі бұрнағы күні дүрілдеп тұр. Бірі білсе, бірі білмес. Осы екі аңыз ойыншыны жаттықтырған бір ғана бапкер бар. Ол - Альфио Басиле.

Марадона. 1991 жылы Аргентина футбол федерациясы Альфио Басилені бас бапкер етіп тағайындайды. Оған себеп, соңғы жылдардағы құраманың нашар көрсеткіштері. Басиле құрамамен 1991 және 1993 жылдары Copa America турнирінде топ жарады. Айтпақшы, бұл Аргентина құрамасының осы күнге дейінгі соңғы жүлдесі.

Бірақ бұл турнирлерге Басиле Марадонаны шақырмады. Себебі, ол 15 айға футболдан шеттетіліп, сонымен қатар құрамадан кеткенін жариялаған. Дегенмен де 1994 жылғы АҚШ-та өтетін ӘЧ іріктеуінде Аргентина құрамасы Колумбиядан кейін өз тобында екінші орын алып, електеу сынына түсіп қалады.

Електеу сынындағы қарсылас Аустралия болды. Осы кезде футбол шенеуніктері мен жанкүйерлері Марадонаның құрамаға қайтып келуін талап етеді. Сөйтіп, Аргентина Марадонаның көмегімен әлем чемпионатына жолдама алады. Бірақ ол чемпионатта Аргентина жүрісінен жаңылды. Итшелеп жүріп топтан шыққанымен, сол кезде Марадонаның басы допинг дауына қалып, тағы футболдан шеттетіледі. Ал Аргентина құрамасы болса Румынтядан ұтылып, жарысты ертерек аяқтайды.

Месси. 2006 жылғы әлем чемпионатынан кейін АФФ Пекерманның орнына Басилені шақырады. Ол кездегі құраманың жұлдыздары Месси, Тевес, Айала, Рикельме, Милито болатын.

Дегенмен де бұл жолғы Басиленің қадамы сәтті бола қоймады. 2007 жылғы CA турнирінде Аргентина Бразилиядан жеңіледі. Ал 2010 жылғы ӘЧ іріктеу турнирінде сәтті ойнай алмай, 2008 жылдың 16 қазанында бапкер қызметінен кетеді.

Уалихан Қосанбай

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: vaaju.com
Қосылған күні: 05 шілде, 09:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.