Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Америка кубогы". Аргентинаны ұтқан Бразилия финалға шықты

"Америка кубогы". Аргентинаны ұтқан Бразилия финалға шықты

Футболдан Америка кубогының финалына шыққан бір команда белгілі болды. Жартылай финалда (1/2) Аргентина құрамасын ұтқан Бразилия финалға жолдама алды.

Белу-Оризонти (Бразилия) қаласындағы "Минейран" стадионында өткен ойында жарыс қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті. 19 минутта Габриэль Жезус есеп ашты. 71 минутта Роберто Фирмино нәтижені еселеді.

Аргентина құрамасы ерекше ойынымен жанкүйерлерін қуанта алмады. Команда көшбасшысы Лионель Месси алаңда 90 минут ойнап, командасымен жеңіске бастар жолды таппады.

Бразилия құрамасының финалдағы қарсыласы 4 шілде күні анықталады. Чили және Перу құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

"Америка кубогының" финалы 7 шілде күні өтеді. Үшінші орын үшін өтетін ойын да осы күнге жоспарланған. Тек ертерек басталып, финалға дейін аяқталып үлгереді.

Фото: Washington Alves/Reuters
Қосылған күні: 03 шілде, 09:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.