Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Футбол жаңа дәуірге аяқ басуы үшін жаңа қаһармандар керек

Футбол жаңа дәуірге аяқ басуы үшін жаңа қаһармандар керек

 Футбол жаңа дәуірге аяқ басуы үшін жаңа қаһармандар керек

Рафаэль Варан – өткен маусымның ең көп табысқа жеткен ойыншысы. Ол "Реал Мадридпен" бірге Чемпиондар лигасын, ұлттық құрама сапында әлем чемпионатын жеңіп алды. Бір кездері Каннаваро мен Заммерді ең үздік деп атаған журналисттер үшін бәлкім осы да жеткілікті шығар. Бірақ қазір футбол бұрынғыға қарағанда біраз дамып, тіпті қиындап кетті. "Алтын допқа" үміткерлер көп. Варанды бұл қатардан көруіміз неғайбыл.

Биыл ерекше жыл. Ерекшелігі сол 10 жылдан бері тайталасып келе жатқан Роналду-Месси дәуіріне нүкте қойып, 2007 жылғы Какадан кейін үздік футболшы тұратын подиумда алғаш рет басқа футболшыны көруіміз мүмкін. Біздіңше, дауыс беру кезінде осы факторлар ескерілетін болады. Себебі футбол жаңа дәуірге аяқ басуы үшін жаңа қаһармандар керек. 

Үміткерлерді саралай отырып, жаңа қаһармандық футбол аспанында жаңадан жарық шашып келе жатқан жұлдызға емес, біз бұрыннан көріп жүрген футболшыға берілуі мүмкін екендігіне көзіміз жетеді. Және бұл дұрыс та. Себебі "найзағай мен сегізаяқтың" дәуіріне нүкте қою жас бөлтірікке емес, осындай тіс қаққан кәрі қасқырға бұйыруы табиғи. Сонымен үміткерлерге кезек берейік...

Лионель Месси 
Әлем чемпионаты алдында Испания біріншілігі мен кубогын жеңіп алған Месси үшін "Алтын доп" қол созым жерде еді. Енді әлем чемпионатында бір "әуп" деп жіберсе, тым болмаса 2014 жылғы жетістігін қайталаса бәлкім қолы жетіп қалатын. Бірақ Аргентина топтан әрең шығып, ары қарай бір қадам да тастай алмады. 

Жұп жылдар да яғни Еуропа не әлем чемпионаттары өткізілетін уақытта "Алтын допты" алу қиынның қиыны. Бір қызығы Месси ғана 2010 және 2012 жылдары не "Барселона" клубы не ұлттық құрама сапында ештеңе ұтпай-ақ үздік ойыншы атана алған. 2010 жылы Уэсли Снейдер Чемпиондар Лигасын ұтты, әлем чемпионатының финалына шықты. 2010 жылы Месси емес, Снейдер немесе әлем чемпионатының финалында гол соққан Андрес Иньеста "Алтын допқа" лайық еді деушілер де бар. Ал 2012 жылы да Андрес Иньеста немесе Хави лайық еді дейтіндер жеткілікті... Өткен өтті. Тарихты өзгерте алмаймыз. Бұдан бұрын 1994 жылы қанжығасы майланбай Христо Стоичков қана бұл сыйлықты ала алған. 

Бұл жолы тарих қайталанбайды. Месси сол жылдары өте жоғары ойын өрнегін көрсеткен еді. Қазір де бабында. Бәлкім сәттілік жолдас болмай жүр. 

Криштиану Роналду 
Әдеттегі жылдарда, осы уақытта Криштиану Роналду оқ бойы озып "Алтын допқа" бірден бір үміткер болатын еді. "Реал" тағы да Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Әлем чемпионатын жеңіп алған Франция ұлттық құрамасында Роналду сияқты лидер болған жоқ. Ендеше биыл Роналдудан бөлек кім алады бұл сыйлықты! Жоқ, биыл бұлай мойнымызды созып айқайлай алмайтын сияқтымыз. Биыл бәрі басқаша. 

Біріншіден, Роналду өткен жылы сияқты "Реалды" финалға жетектеп алып шыққан жоқ. Жартылай финал мен финалда басқа футболшылар – Бензема мен Бэйл қаһарманға айналды. Жалпы, осы маусымды королдік клубтың Роналдудан "азат" болу маусымы десек дұрыс болар. Қазір "Реал Мадрид" Роналдусыз да мәнерлі ойын көрсетіп, керісінше Роналдудың Италияда сәтсіз ойын көрсетуі дауыс беру кезінде әсер етуі мүмкін. 

Екіншіден, Португалия құрамасы Аргентинаның күйін кешті. Роналду болса испандармен болған ойындағы әрекеттерімен ғана есте қалды. Бұл жағынан ол ежелгі қарсыласы Мессиден бір саты жоғары тұр. 

Үшіншіден, бұл жолы "Реал" сапында Роналду көлеңкесінен шыға алған ойыншылар бар және сол футболшы әлем чемпионатында да өте жақсы ойнай алды. Біздің кім туралы айтып жатқанымызды көзіқарақты спорт сүйер қауым жақсы біледі. 

Төртіншіден, жанкүйерлер де, журналистер де, тіпті Ла лига да Роналду-Месси қарама-қарсылығынан шаршаған сияқты. Осы жолы бұл дәстүрді бұзатын зор мүмкіндік бар. 

Бұл жолы Роналду "Ювентус" қақпасына соққан голымен "Пушкаш" сыйлығын алуы мүмкін. Ол бұл сыйлықты 2009 жылы да алған еді. Бір қызығы сол жылы клубын ауыстырған болатын. 

Мохаммед Салах 
Әлем чемпионаты алдында Мохаммед Салах "Алтын доп" үшін негізгі үміткерлерден бірі еді. Англия чемпионатындағы және чемпиондар лигасындағы сәтті ойынымен-ақ, әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетпесе де "Алтын допты" алу үшін Салахтың басқаларға қарағанда мүмкіндігі зор болды. 

Қазір Салах "Ливерпульдегі" белсенділігін біраз жоғалтып алған сияқты. Тамыздан бері Садио Мане ғана ойындағы нәтижелі голдарды соғып жүр. Оған бұл сыйлықты алуға әлі ерте сияқты. Бәлкім алдағы уақытта бұйырып қалар. 

Антуан Гризманн 
Антуан Гризманнға әлі "Алтын доп" ауылы алыста. Өткен FIFA тарапынан берілетін сыйлыққа Франция ұлттық құрамасы сапынан бірде бір футболшының болмауы француздарды ренжітті. Алайда шын мәнінде чемпион болған құрама сапынан ең үздік футболшыны анықтайтын болсақ, дауыс беру бірнеше футболшыға бөлініп кеткен болар еді. Поль Погба ойында да ойыннан тыс та жетекшілік ете алды. Мбаппе жылдам ойынымен есте қалды. Гризманн "Алтын доп" алмаса да үздік үштікке кіріп қалады деген үміттеміз. 
 
Лука Модрич 
Биыл Лука үшін сәтті маусым бола алды. 2017-2018 жылғы маусымдағы Еуропаның ең үздік футболшысы марапатын хорват футболшысы иеленді. Әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды. Міне осындай жетістіктерінің арқасында ол "Алтын доп" алуы мүмкін футболшылар арасындағы ең үздігі. 
 
Әлем чемпионатында Модрич көп гол соқпады, нәтижелі пас та көп бермеді. Бірақ ол алаңның әр сантиметрі үшін күресе алды. Ойынды өзі бақылады. Қай жерде доп сол жерде Модрич. Аяғына доп тисе кенедей жабысып қалады. Кішкентай Модричтен допты алу өте қиын. Осындай қайсар мінезімен  футбол сүйер қауымның назарын өзіне аударта алды. 

Қорытындылай отырып айтарымыз, биыл "Алтын допқа" Лука Модрич әбден лайықты.  Биыл сыйлықты жасы келіп қалған футболшы алса, келер жылы бұл таққа тағы да өзін көрсете алған жас жұлдыз отыра алады немесе Роналду-Месси дәуірі қайта орнайды.
1
Рейтинг: +3

Фото: 20minutos.es
Қосылған күні: 12 қыркүйек, 14:55
Пікірлер
+1
12 қыркүйек, 21:35

Күшті жазыпсың ырзамын

Қызығып оқығансыңғо

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.