Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды
Фото ©️ vk.com

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Негізгі кезеңге шыққан 32 команда 8 топқа бөлінді.

БӨЛІСУ

Монакода өткен жеребе тастау рәсіміне құрметті қонақ ретінде танымал футболшылар бразилиялық Кака мен уругвайлық Диего Форлан қатысты. Ал әйгілі ағылшындық аяқ доп шебері Дэвид Бекхэмге УЕФА президентінің арнайы сыйлығы табысталды. Сондай-ақ өткен маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары марапатталды.

Өткен маусымдағы үздік қақпашы болып Кейлор Навас ("Реал Мадрид") танылды.

2017/2018 маусымдағы үздік қорғаушы марапатына Серхио Рамос ие болды.

Үздік жартылай қорғаушы марапатын Лука Модрич иеленді.

Өткен маусымдағы үздік шабуылшы марапатына "Реалдан" "Ювентуске" ауысқан Криштиану Роналду ие болды.

2017/2018 жылғы маусымдағы Еуропаның ең үздік футболшысы марапатын хорват футболшысы Лука Модрич иеленді.

"А" тобы: "Атлетико Мадрид" (Испания), "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Монако" (Франция), "Брюгге" (Бельгия);

"В" тобы: "Барселона" (Испания), "Тоттенхэм" (Англия), ПСВ (Нидерланд), "Интер" (Италия);

"С" тобы: ПСЖ (Франция), "Наполи" (Италия), "Ливерпуль" (Англия), "Црвена Звезда" (Сербия);

"D" тобы: "Локомотив" (Ресей), "Порту" (Португалия), "Шальке" (Германия), "Галатасарай" (Түркия);

"Е" тобы: "Бавария" (Германия), "Бенфика" (Португалия), "Аякс" (Нидерланд), "АЕК (Грекия)

"F" тобы: "Манчестер Сити" (Англия), "Шахтер Донецк" (Украина), "Лион" (Франция), "Хоффенхайм" (Германия);

"G" тобы: "Реал Мадрид" (Испания), "Рома" (Италия), ЦСКА (Ресей), "Виктория Пльзен" (Чехия)

"Н" тобы: "Ювентус" (Италия), "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Валенсия" (Испания), "Янг Воз" (Швейцария)

2018/2019 маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 2 маусым күні Мадридтегі "Ванда-Метрополитано" стадионында өтеді.