Роналду: "Месси маған бәсекелес емес"

Роналду: "Месси маған бәсекелес емес"
Фото: www.eurosport.ru

Футбол тарихындағы ең үздік екі ойыншы К.Роналду мен Л.Месси жайында бір елде емес, әлемде түрлі алып қашпа әңгіме көп. Әр жанкүйер өзінше тон пішеді. Дегенмен футбол бұл – спорт. Ал спорт болғаннан кейін бәсеке болатыны анық. «Реал Мадрид» командасының ең үздік ойыншысы Криштиану Роналду өзінің үзеңгілес қарсыласы Лионель Месси жайында журналистерге ағынан жарылды.

«Білесіздер ме, біздің арамыздағы бәсекелестік журналистердің ең қызық тақырыбы. Бұл – кәсіп және бұл кәсіпте жеңіске жетуді мақсат тұтасың. Бұл тек футболға қатысты емес, соныме қатар Формула-1, теннис секілді спорт түрлеріне де қатысты. Жалпы кез келген спорт түрін алайық.

Шындығында, Месси менің досым емес, біз екі команданың ойыншысымыз және бірдей даңқ пен атаққа таласамыз. Бірақ менің онымен қарым-қатынасым сіздер ойлағаннан да жақсы. Иә, Месси өз ісінің шебері, бірақ ол менің бәсекелесім емес»,- дейді сұр мерген. 

Естеріңізге сала кетейік, бірер сағаттар бұрын ғана "Реал" қатарынан Чемпиондар Лигасын екі рет ұтып алды. Ойын "Ювентус" пен "Реал" арасында өткен болатын. Есеп 4-1 нәтижемен Реалдың пайдасына шешілді. Әлемнің сұр мергені бұл ойында екі гол салып тағы да үздік атанды. 

М. Ақан