Кавани ПСЖ клубы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды

Кавани ПСЖ клубы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
Фото: vk.com

Уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани ПСЖ футбол клубы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Футболшы Франция чемпионатының ХХІІІ тур ойындарындағы "Монпельеге" қарсы кездесуде команда сапындағы 157-голын соқты.

Эдинсон Кавани Златан Ибрагимовичтің рекордын жаңартты. Швециялық шабуылшы ПСЖ клубында 156 гол соққан. Қазір ол ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубында ойнап жүр.

Уругвайлық футболшы ПСЖ клубы сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді.

ПСЖ клубының ең үздік сұрмергендері:

1. Эдинсон Кавани – 157 гол
2. Златан Ибрагимович – 156  (2012-2016)
3. Педру Паулета – 109 (2003-2008)
4. Доминик Рошто – 100 (1980-1988)
5. Мұстафа Дахлеб – 98 (1974-1984)
6. Франсуа М’Пеле – 95 (1973-1979)
7. Сафет Сушич – 85 (1982-1991)
8. Раи – 72 (1993-1998)
9. Карлос Бьянки – 71 (1977-1979)
10. Гийом Оаро – 56 (2008-2012)

О. Сансызбай