"Астана" Ресейдің "Краснодар" клубын да ұтты

О Сансызбай Корреспондент
 "Астана" Ресейдің "Краснодар" клубын да ұтты
Фото ©️ Астана ФК

"Астана" футбол клубы Дубайдағы оқу-жаттығу жиындары кезінде Ресейдің "Краснодар" клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Ойындағы төрт гол да бірінші таймда соғылды. Алдымен 9 минутта Сергей Малый есеп ашты. 24 минутта Марин Томасов нәтижені еселеді. 35 минутта Виктор Классон "Краснодар" сапынан бір голды соқты. 44 минутта Марин Томасов ойындағы екінші голын соғып, дубль орындады.

Айта кетейік, Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық команда 22 қаңтар күні "Спартакты" (Ресей) да 3:2 есебімен ұтқан болатын.

"Астана" — "Краснодар" (Краснодар, Ресей) 3:1 (3:1)

Голдар: Малый 8 (1:0), Томасов 24 (2:0), Классон 35 (2:1), Томасов 44 (3:1)

Ескертулер: Кляйнхайслер 32 — Рамирес 7

"Астана": Эрич (Павлов 46), Шомко (Зайнутдинов 76), Логвиненко (Мужиков 46), Шитов (Аничич 46), Малый (Щеткин 46), Маевский (Бейсебеков 46), Кляйнхайслер (Граховац 46), Зайнутдинов (Станоевич 46), Томасов (Постников 46), Деспотович (Муртазаев 46), Кабананга (Перцух 46)

"Краснодар": Крицюк (Синицын 46), Петров (Янбаев 46), Гранквист (Мартынович 46), Рамирес (Калинин 46), Жигулев (Газинский 62), Каборе (Шишкин 46), Перейра (Ристич 46), Мамаев (Жоаозиньо 46), Иван (Воробьёв 46), Классон (Вандерсон 46), Стежко (Нестеренко 46)

26 қаңтар. Абу-Даби. "NYU Abu Dhabi".