Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап қалды

Жанкүйер Олимпиада чемпионын суретіне қарап өлімнен арашалап қалды
Фото: instagram.com/mackhorton

Белгісіз жанкүйер Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы, 20 жастағы аустралиялық жүзуші Мак Хортонды өлімнен арашалап қалды.

Спортшының Олимпиададағы суреттеріне баса мән берген жанкүйер оның кеудесіндегі күмәнді меңге назар аударған. Ол Аустралия құрамасының бапкеріне Хортонның меңі меланома (ерте кезеңінде табылмаған жара өлімге әкеп соғуы мүмкін - Авт.) болуы мүмкін екенін хабарлаған. Сөйтсек, бұл мең шын мәнінде қатерлі ісік болып шыққан.

"Мен дәрігерге меңімді тексертуге кеңес берген адамға шексіз алғыс айтамын. Бұл өз уақытында берілген белгі болды", - деп жазды Олимпиада чемпионы "Instagram" желісіндегі парақшасында. Ал оған дейін Мак Хортон Мельбурнде жараны жою бойынша ота жасатқан болатын. 

О. Сансызбай