Роналдудың пасқа сараңдығы командаластарының ашуына тиді (видео)

Роналдудың пасқа сараңдығы командаластарының ашуына тиді (видео)
Фото: eurosport.ru

Мадридтік «Реалдың» үздік сұрмергені Криштиану Роналду командаластары тарапынан сынға ұшырады. Шабуылшы билбаолық «Атлетикке» қарсы ойында пасқа сараңдық танытқан.

Мадридте өткен ойында «корольдік клуб» қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты. Ойындағы жеңіс голын 83 минутта Альваро Мората соқты. Ал қосымша уақытта «Реал» ойыншылары «Атлетик» қақпашысы Ирайсоспен бетпе-бет шықты. Криштиану Роналду Гарет Бэйл мен Тони Кроосқа пас бермей, соққыны өзі бағыттады. Ал пас бергенде алаң иелерінің үшінші голды соғу мүмкіндігі жоғары болары сөзсіз еді.

«Атлетикті» жеңген мадридтік «Реал» IX турдан кейін 21 ұпаймен көш басына шықты. Команда келесі ойынын 27 қазан күні Испания кубогы аясында «Леонеса» клубына қарсы өткізеді.

Ө. Сансызбай