Батыр Жүкембаев мексикалық боксшыны бесінші раундта нокаутқа жіберді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Батыр Жүкембаев мексикалық боксшыны бесінші раундта нокаутқа жіберді
Фото ©️ vk.com

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ол мексикалық Иван Перейраны бесінші раундта нокаутқа жіберді.

БӨЛІСУ

Канада елінде өткен кездесу бес раундтқа созылды. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Бұл Батырдың кәсіпқой бокста алтыншы жекпе-жегі әрі алтыншы нокауты.

Монреальдегі бұл кештің басты жекпе-жегі әлемнің экс-чемпионы Давид Лемье мен аргентиналық Кристиан Риос арасында өтті. Көпшілік күткен кездесу төрешілердің шешімімен Лемьенің жеңісімен аяқталды.

Еске салсақ, Батыр Жүкембев соңғы жекпе-жегін Селесио Сантосқа қарсы өткізіп, 2 раундта жеңіске жеткен болатын.