Роналду «қызыл сойқандар» қатарына қайта оралуы мүмкін

Роналду «қызыл сойқандар» қатарына қайта оралуы мүмкін
Фото: instiz.net

Мадридтік «Реалдың» жаңа бапкері Рафаэль Бенитеспен шығыса алмай жүрген Криштиану Роналду тамыз айында қайта «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін. Бұл туралы ағылшын басылымдары хабарлап отыр.

«Қызыл сойқандар» бұрынғы ойыншысына 95 миллион евро төлеуге дайын. Жақында ғана манкуниандық клубтың бас бапкері Луи ван Гал жанкүйерлерін тосын сый күтіп тұрғаны туралы айтқан болатын. Ағылшындық басылым сол тосын сыйы – Роналду болуы мүмкін деп топшылап отыр.

Криштиану Роналдудың Рафаэль Бенитес жұмысына осыған дейін көңілі толмайтыны туралы айтылған болатын. Қазір клубтың АҚШ-та өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарынан кейін футболшы «Олд Траффордқа» оралуы мүмкін екен.

Айта кетейік, португалдық сұрмерген «Манчестер Юнайтедтен» «корольдік клубқа» 2009 жылы ауысқан еді. Трансфер құны 93,6 миллион евроға бағаланған-ды. 

О. Сансызбай