Роналдудың «Эль-Класикода» соққан голдары (видео)

Роналдудың «Эль-Класикода» соққан голдары (видео)

Әлем жұртшылығы футбол маусымында асыға күтетін кездесулердің бірі - «Реал» мен «Барселона» ойыны. «Эль-Класико» деген атауға ие болған жасыл алаңдағы тартыстың қызықты тұстары мен статистикасы жетіп артылады. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға «Эль-Класикода» 15 рет каталондық «Барселона» қақпасынан саңылау тапқан Криштиану Роналдудың голдарын ұсынамыз.

«Эль-Класико» тарихындағы ең үздік сұрмерген – Лионель Месси. Аргентиналық футболшының еншісінде 21 гол бар. Бірақ, бұл маусымдағы екі ойында да Месси гол соға алған жоқ. Екінші орында Альберто Ди Стефано (18 гол) болса, үшінші орынға Рауль мен Роналду (15 гол) орналасқан.

Сурет: bestgoal.tv

Ұқсас жазбалар

Мессидің «Эль-Класикода» соққан голдары

Эль Классико. "Корольдік клуб" Анчелотти сенімін ақтамады

«Эль-Классико» . «Корольдік клубтың» жұлдызы жанған күн!

Ө. Сансызбай