Эль Классико. "Корольдік клуб" Анчелотти сенімін ақтамады

Эль Классико. "Корольдік клуб" Анчелотти сенімін ақтамады

Жылдық футболдың нәтижесі де белгілі болды. Әлемнің футбол жанкүйерлерін екіге бөлетін Эль Классико "Барселона" жеңісімен аяқталды.

Барселона қаласында өткен Испания чемпионатының кезекті матчында мадридтік клуб екі гол өткізіп алды. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. Матчтың 19-минутында Мессидің жоғарыдан жеткізген добын Жереми Матье ұтымды пайдаланып, қақпаға бағыттай алды. Дегенмен, "Корольдік клуб" ойыншылары есесін жібермеуге барынша тырысып, есепті теңестіре білді. Гол авторы - Криштиану Роналду. Соңыра "Барселона" шабуылшысы Суарес Дани Алвестің пасын өз межесінде қабылдап, Касильястың қақпасына дәл көздеді. 

"Барселона" (Барселона) "Реал" (Мадрид)- 2:1

«Барселона»: Клаудио Браво – Дани Алвес, Жерар Пике, Жереми Матье, Жорди Альба – Андрес Иньеста (Хави 80'), Иван Ракитич (Серхио Бускетс 76'), Хавьер Маскерано – Лионель Месси, Луис Суарес, Неймар (Рафинья Алькантара 85').

«Реал Мадрид»: Икер Касильяс – Дани Карвахаль, Пепе (Рафаэль Варан 73'), Серхио Рамос, Марсело – Лука Модрич (Лукас Силва 88'), Тони Кроос, Иско (Хесе Родригес 80') – Гарет Бэйл, Карим Бензема, Криштиану Роналду.

Қосалқы құрамдағы ойыншылар: Марк-Андре тер Стеген, Адриано Коррейя, Марк Бартра, Педро Родригес – Кейлор Навас, Альваро Арбелоа, Асьер Ильярраменди, Хавьер Эрнандес.

Бапкерлер: Луис Энрике – Карло Анчелотти.

Ескерту алды: Луис Суарес 28', Жорди Альба 38', Хавьер Маскерано 61', Андрес Иньеста 65', Дани Алвес 71' – Пепе 21', Криштиану Роналду 38', Серхио Рамос 45', Дани Карвахаль 48', Лука Модрич 52', Иско 64'.

Голдар: Матье, 19 (1:0); Роналду, 32 (1:1); Суарес, 56 (2.1)

Футболды миллиондар ойыны десе, Эль Классиконың миллиардтаған көрермені бар. Расында ойын өте қарқынды өтті. Нәтижеде "Барселона" Испания чемпионатының турнирдік кестесінде 68 ұпаймен, біріншілігін тағы да жоғарылата түсті. Ал "Реал" 64 ұпаймен әзірге екінші орында келеді. Мадридтік клубтың шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің Эль Классикодағы 15-ші голын салып, Рауль көрсеткішіне жетті. Дегенмен, бұл командалар арасындағы ең жоғары нәтижеге ие футболшы "Барселона" форварды Лионель Месси (22 гол) болып табылады. 

Сурет: www.gazeta.ru

Оқи отырыңыз: 

«ПСЖ» Поль Погбаның жаңа командасы болуы мүмкін

Англияның соңғы клубы да еурокубок маусымын аяқтады

Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды

Катар футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын қыста өткізетін болды

Ж. Өрісбай