«Эль-Классико» . «Корольдік клубтың» жұлдызы жанған күн!

«Эль-Классико» . «Корольдік клубтың» жұлдызы жанған күн!

Футболдан Испания ла-лигасының ІХ тур ойындары аясында мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» кездескен болатын. «Сантьяго Бернабеуде» жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысқан «корольдік клуб» өз дегеніне жетті.

Букмекерлік орталықтар ойын басталмай тұрып-ақ мадридтік клубты фаворит санаған. Каталондық клубтың дa қарап қалмасы анық еді. Неймардың жылдам есеп ашуы «Реал» футболшыларын жасыта қоймады. Суарестің бірінші минутта алаңға шығуы бразилиялықтың гол соғуына септігін тигізгенмен, одан кейінгі аралықта жемісін бермеді. Роналдудың 11 метрлік айып добынан таразы басын теңестіруінің өзі бір рекордтың мұртын бұзды. Осы уақытқа дейін қақпасына доп өткізбей келген Клаудио Бравоның қақпасына гол кірді. Екінші таймда Пепе мен Карим Бенземаның соққан голдары соңғы 20 маусым бойы бірінші болып гол соғып, жеңілмей келе жатқан «Барселонаны» дәстүрінен жаңылдырды. Бұл жеңілістен кейін «блауграна» футболшылары мен бас бапкері Луис Энрике «корольдік клубтың» жеңіс жолында тер төккенін мойындады. Ал Мессиге ла-лига тарихындағы үздік сұрмерген атағын иеленуге мүмкіндік берілмеді. 

Cуарес "Барселона" сапында ресми кездесуін өткізді

Неймардың гол соққан сәті

Роналдудың пенальти орындаған сәті

Пепенің "Реалды" алға шығарған сәті

Бенземаның үшінші гол авторы атанған сәті

Месси ла-лига тарихындағы үздік сұрмерген атағын иеленуді кейінге шегерді

Cурет: dailymail.co.uk

Ө. Сансызбай