Мессидің «Эль-Класикода» соққан голдары

Мессидің «Эль-Класикода» соққан голдары

Жақында ғана төрткүл дүние тынысын тарта күткен «Реал» мен «Барселона» кездесулері өтті. Тартысты кездесудің өзі аяқталғанмен, соңынан ерген сөзі толастар емес. Бірі «Барселона» мықтылығын танытты десе, бір тарап төрешіні кінәлаудан ары аспады. Ал 2013 жылғы «Алтын доптың» иегері Криштиану Роналду «біз 12 ойыншыға қарсы ойнадық» деп сұхбат берді. Оның 12-ші ойыншысы төреші екені анық. Жақын күндері сол кездесуде алаңнан қуылған Серхио Рамос пен португалдық футболшының төреші атына айтылған сындары Испания футбол федерациясының тәртіптік кеңесінде қаралмақшы. Жоғары деңгейде өткен «Эль-Класикода» Мессидің айы тағы бір оңынан туды. Кездесуде хет-трик авторы атанып, «Реал» аңызы Альфредо ди Стефаноны басып озды. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға аргентиналық футболшының ежелгі қарсыластар кездесуінде соққан 21 голының бейнекөрінісін ұсынамыз.

 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай