Әлеуметтік желіден қойылым тамашалау мүмкіндігі пайда болды

Әлеуметтік желіден қойылым тамашалау мүмкіндігі пайда болды
Фото: vk.com

"Өмір сүрудің себебі" – алғашқы қазақстандық онлайн-қойылым. Ол 25 қазан күні Facebook әлеуметтік желісінде көрсетіледі. "Өмір сүрудің себебі" қойылымын халық алдына шығарушы топ жаңа streamplay жанрын ойлап тапқан. Бұл атау streaming (трансляция) және play (пьеса) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. "Өмір сүрудің себебі" ("Причины жить") – DramCom аталатын виртуалды алаң ұйымдастырып отырған жоба жоспарындағы көптеген онлайн-қойылымның алғашқысы. Ұйымның барлық туындысы интернеттегі тікелей эфирге бағытталып қойылады.

Осындай ерекше форматта көрсетілетін бірініші пьеса Марина Цветаева, Зинаида Райх, Лилия Брик пен Елена Дьяконова (Гала есімімен белгілі, Сальвадор Далидің жұбайы) сынды төрт танымал тұлға, өз заманының беделді өкілдерінің өмірінен сыр шертеді. Қойылым сюжеті бойынша бұл төрт кейіпкердің XXI ғасырда тоғысып, олардың тағдырларына қатысты жаңа деректердің бірқатары ашылады. Олар тарихи контекст шеңберінен тыс ортада қарастырылады. Режиссер Виктор Немченконың айтуынша, көрермен олардың тұлға ретінде қамтыған ауқымын тереңірек ұғынуға мүмкіндік алады.  Сондай-ақ, ол "Менің театр, кино мен мультимедиялық технологияларды тоғыстырғым келді. Бұл, ең алдымен, адам болмысын түсінуге деген талпыныс. Бұл нақты осы төрт әйел мен олардың биографиясына ғана қатысты емес. Оның ауқымы кең " – деді.

А. Оралқызы