Премьера! Ғ.Мүсірепов театрында «Сең» драмасы қойылады

Премьера! Ғ.Мүсірепов театрында «Сең» драмасы қойылады
Фото: Ғ.Мүсірепов театры

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 20 қазан күні сағат 18:30-да «Сең» драмасы қойылады. Драманың қоюшы-режиссері – Сырым Асқаров. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Классик жазушымыз – Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Парыз» романының желісі бойынша сахналанған «Сең» спектаклі – Арал тағдыры мен адам тағдыры арасындағы арпалыс.

...Махаббат пен ғадауат қатар өрілген шығарманың шыңы – Арал тағдырына, жалпы табиғат-анаға ақыл-ғылыммен емес, махаббатпен қарауға шақырады.

Бұл қойылымда табиғат пен пәндәуи тыраш-тірліктің тартысындағы таразы теңсіздігі айқын көрінеді. Заман талабына сай қойылып отырған бұл шығарма – өз көрермендерін ойландырмай қоймайды.

Ө. Сансызбай