YouTube желісінде көп лүпіл жинаған бейнебаяндар

YouTube желісінде көп лүпіл жинаған бейнебаяндар

YouTube желісі өткен жылдың қорытындысымен бөлісіп, ең көп лүпіл жинаған әлемнің музыкалық бейнебаяндарын атады. Топтамада әртүрлі тілдегі әндер жиналған. Биылғы жыл YouTube желісі үшін "К-pop жылы" болған секілді. Өйткені, тізімге іліккен он бейнебаянның үшеуі Оңтүстік Корея әртістеріне тиесілі. 

1. Shawn Mendes және Camila Cabello — Señorita (13,3 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Shawn Mendes Camila Cabello""

Ән 2019 жылдың 21 маусымында жарыққа шықты. Әннің авторлары на лейбле Мендес, Кабельо, Charli XCX, Эли Тампоузи, Clean Bandit тобының мүшесі Джек Паттерсон. Бұл Мендес пен Кабельоның 2015 жылы хит болған "I Know What You Did Last Summer" әнінен кейін қайта дуэт құруы. Ән Аустралия, Канада, Чехия, Финляндия, Греция, Германия, Ұлыбритания, Венгрия, Дания, Ирландия, Малайзия, Нидерландтар, Жаңа Зеландия, Норвегия, Словакия, Швеция, Швейцария секілді елдердің чарттарында бірінші орынға іліксе, Бельгия, Мексика мен Эстонияда екінші орынға тұрақтаған. "Señorita" АҚШ-та екінші орынға іліккен ән кейін Billboard Hot 100 чартында көш бастады.

2. BTS — Boy With Luv (12,7 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Boy With Luv""

2019 жылы 12 сәуірде жарыққа шыққан Оңтүстік Кореяның BTS тобы мен америкалық әнші Холзидің орындауындағы ән  Billboard Hot 100 чартында сегізінші орынға тұрақтаған. Бейнебаян 24 сағат ішінде 74 миллион көрілім жинап YouTube рекордын жаңартты.  

3. BLACKPINK — Kill This Love (10,7 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Kill This Love""

Тедди Рак пен Ребекка Джонсон жазған әнді орындаған Blackpink тобының еңбегі жоғары бағаланды. Бұл топ АҚШ-та жетістікке жеткен алғашқы Оңтүстік Кореялық қыздар тобы атанды. Billboard Hot 100 чартында 41-орынға ілікті. Алғашқы аптада 7000 тираж альбом сатылды.

4. Billie Eilish — bad guy (10,1 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Billie Eilish""

2019 жылдың 29 наурызында жарыққа шыққан ән Аустралия, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия мен Ресейдегі чарттардар көш бастады. Billboard Hot 100 чартында бірнеше апта бойынша екінші орынды сақтап қалды.

5. Lil Nas X — Old Town Road (feat. Billy Ray Cyrus) (9,5 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Old Town Road""

Алғаш рет 2018 жылы 3 желтоқсанда жарыққа шыққанымен, тек биыл ғана хитке айналды. Оған себеп болған ТикТок әлеуметтік желісі еді. Туында АҚШ тарихында чарт ең аз уақыт тұрған (2 минутқа жетпеді) ән атанды.  

6. Ariana Grande — 7 rings (8,9 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "7 rings""

Бұл Ариана Гранденің "Thank U, Next" атты альбомындағы екінші синглі. Ән 2019 жылдың 18 қаңтарында жарыққа шықты. Әнді жазуға Victoria McCants, Tayla Parx, Njomza Vitia, Kimberly Krysiuk, Michael Foster, Томми Браун мен Чарльз Браун есімді адамдар атсалысқан. 

7. Lil Dicky — Earth (8,2 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Lil Dicky — Earth""

"Earth" — америкалық Lil Dicky (David Andrew Burd) атты рэпердің туындысы. Ән "Жер күнінің" қарсаңында жарыққа шықты. Барлық табыс атақты актер Леорнардо Ди Каприоның Leonardo DiCaprio Foundation қорына аударған. Жазба жұмысына Джастин Бибер, Ариана Гранде, Холзи, Кэти Перри, Эд Ширан, Майли Сайрус секілді жұлдыздар қатысқан.

8. Daddy Yankee & Snow — Con Calma (7,5 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Con Calma""

Пуэрториколық рэпер Дэдди Янкидің әні – Сноаудың 1992 жылы жарыққа шыққан "Informer" әнінен қайтадан өңделген нұсқасы. Он бес елдің музыкалық чартында көш бастады. Америка Құрама Штаттарында Billboard Hot 100 чартында 48 орынға ілікті, Hot Latin Songs рейтингінде 2-орынға жайғасты.

9. J-hope — Chicken Noodle Soup (feat. Becky G) (5,7 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "chicken noodle soup j hope""

Атақты Оңтүстік Кореялық рэпер, BTS тобының мүшесі J-Hope (Чон Хо Сок) жариялаған бейнебаян жарты күннің ішінде 20 миллион көрілім жинап үлгерген. Онымен бірге Becky G ән шырқайды. Ән үш тілде испан, кәріс, ағылшын тілінде жазылған.

10. T-Series — Vaaste (5,5 миллион лүпіл)

Картинки по запросу "Vaaste""

Үнді әртісі Dhvani Bhanushali мен Nikhil D’Souza орындауындағы әнінің бейнебаяны 635 миллионнан артық көрілім жинап үлгерген. T-Series – бүгінде үнді музыкасын танытып жүрген арналардың бірі. Үндістанның әншілері өз бейнебаяндарын тұсаукесерін осы арна арқылы ашады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"
Министр: Кәсіби спорт клубтарын мемлекет бюджетінен толық қамтамасыз етудің қажеті жоқ
Министр: Кәсіби спорт клубтарын мемлекет бюджетінен толық қамтамасыз етудің қажеті жоқ
Виртуалды Алматы жартылай марафоны: жүгіру іс-шараларының жаңа форматы
Виртуалды Алматы жартылай марафоны: жүгіру іс-шараларының жаңа форматы