Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Әлемді бағындырған BTS

Әлемді бағындырған BTS

Әлемді бағындырған BTS

Алғаш рет сахнаға топ ретінде 2013 жылы 13 маусымда шыққан бұл кәріс айдолдарының бағындарар белесі зор. Өйткені, тек Оңтүстік Корея мен шығыс Азия елдерінде ғана емес, соңғы уақытта АҚШ-та кең сұранысқа ие болып, халықаралық бірнеше байқаудың жеңімпазы атанды. Небәрі 6 айдың ішінде «Global V LIVE Award» үздік ондық номинациясы бойынша жеңімпаз атанса, «Billboard Music Awards» байқауында Селена Гомез, Чарли Пут секілді атақты әншілерді басып озып үздік атанды.

BTS тобы қалай құрылды?

Big Hit Entertainment  агенттігінің қолдауымен құрылған топтың толық атауы – BANGTAN BOYS, ол «әлемнің бар оғына тосқауыл» деген мағынаны білдіреді. Топ мүшелері 2010 жылы арнайы тыңдалым арқылы жинақталады. 2013 жылға дейін топтың құрамы сан өзгереді. Дегенмен, сынаққа шыдай білген 7 жігіт 2013 жылы «No More Dream» әнімен сахнадағы алғашқы қадамдарын бастайды.

Big Hit Entertainment  бастапқыда 5 адамнан құралған топ жасауды ойға алғанымен, бүгінде 7 жігіт өнер көрсетеді. Оның үшеуі рэп орындаушылары болса, төртеуі вокалды сүйемелдеуші.

BTS туралы деректер:

– Топ мүшелерінің шын есімдері:

Rap Monster – Ким Намджун, 12.09.1994. Топ лидері.

Jin – Ким Сок Джин, 04.12.1992. Топ бейнесі.

Suga – Мин Юн Ги, 09.03.1993. Топтағы үздік рэпер.

J-Hope – Чон Хо Сок, 18.02.1994. Топтың бас бишісі.

Jimin –Пак Чимин, 13.10.1995. Топтың үздік бишісі.

V – Ким Тэ Хен, 30.12.1995. Топ вокалисі.

JungKook – Чон Чон Гук, 01.09.1997. Топ кенжесі (Макнэ)

фы

BTS бірнеше тілде сөйлейді

Rap Monster ағылшын, Jin қытай және V жапон тілдерінде еркін сөйлейді. Басқа топ мүшелері олардан қалыс қалмау үшін өзге тілдерді меңгеруді бастаған.

BTS өз әндерінің авторы

Орындауындағы әндердің басым көпшілігін Suga, Rap Monster, J-Hope  жазған.

– Rap Monster-дің білім көрсеткіші жоғары. Оның IQ  көрсеткіші 148-ге тең. TOEIC емтиханында 900 жинап, Кореяның ең үздік оқушыларының қатарында болған.

– JungKook  – "Super Star K" жобасының қатысушы. Кейін жеңіліс тапқаннан соң, BigHit  агенттігіне келген.

– JungKook  сахнаға шыққан жылы жасы небәрі 16-да болды.

– «Blood Sweat & Tears» әндерінің бейнебаяны  41 сағаттың ішінде 10 миллион көрілім жинады.

–"WINGS"  альбомы британиялық «iTunes Top-100»  чартында 72-орынды иемденді. BTS – бұл чартқа енген алғашқы азиялық топ.

– BTS әлемдік тур ұйымдастырып, АҚШ, Жапония, Тайланд секілді елдерде концерт берді. Оны қамтыған тыңдармандар саны 4 000 000-ға жуық болды.

– Твиттер желісінде Чарли Пут BTS тобымен танысқандарына қуанышты екенін жеткізіп, жазба қалдырды.

– BTS фанаттарының тобы «ARMY» деп аталады.

Сіз ARMY қатарына жатасыз ба?

2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: ibighit.com
Қосылған күні: 11 шілде 2017, 18:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.