Желтоқсан айында жарыққа шығатын әнжинақтар

Желтоқсан айында жарыққа шығатын әнжинақтар
Фото: studio21.ru / hollywood.com / outstyle.org / popcrush.com / insider.com / cnn.com

Желтоқсан айы бізді жақсы жаңалықтармен қуантпақ. Он үш жылдан бері жаңа таспа ұсынбаған The Who рок тобының орындаушылары тыңдармандарына әнжинақ тарту етті. Канье Уэст жыл соңында өзінің жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын әуендерімен қайта оралады. 

6-желтоқсан

Camila Cabello – "Romance"

Картинки по запросу "camila cabello 2019""

Camila Cabello – Fifth Harmony тобының ең танымал экс-орындаушысы. Оның бұрынғы әріптестері ара-арасында концерттерге шақырту алып, сахнада өнер көрсетсе, осы аралықта жас бойжеткен екі альбомын жарыққа шығарып үлгерді. Биыл әншінің қанжығасы әбден майланды. Ол "Грэмми" жүлдесін алып,  MTV MUSIC AWARD байқауында бірнеше номинация бойынша жеңіске жетті. Әншінің айтуынша, бұл әнжинақ өзінің бойындағы нәзік махаббат сезімін көрсетпек. "Romance" әнжинағына жаздың хит әндерінің бірі "Senorita" енеді.

The Who – "Who"

Картинки по запросу "The Who""

Танымал рок орындаушылар ұзақ үзілістен кейін жаңа альбомдарымен оралды. Топтың бас вокалисі Роджер Долтри бұл әнжинақты үздіктердің үздігі деп атады. Олар "Who" альбомы жайында ақпаратты 2019 жылдың басында-ақ айта бастаған еді. Орындаушылар өз жұмыстарын "мұңды баллада", "хэви рок", "электроникамен жүргізген тәжірибе" деп сипаттаған еді.

The Chainsmokers – "World War Joy"

Картинки по запросу "The Chainsmokers""

Көптеген әншілер қуана-қуана жұмыс істейтін диджейлердің бірі The Chainsmokers екені жасырын емес. Бұл альбомдағы әндердің жазылу жұмыстарына Blink-182, 5 Seconds Of Summer, Биби Рекса, Ty Dolla $ign, Kygo секілді әншілер атсалысқан. Бұл жылы The Chainsmokers әлемнің ең қымбат диджейлерінің қатарында көш бастады. Музыка сыншылары оларды жиі сынға алғанымен, тыңдарманын еріксіз билететін әуендер жазу оларды қолынан келетінін олар әлдеқашан дәлелдеп қойған. 

XXXTentacion – "Bad Vibes Forever"

Картинки по запросу "XXXTentacion""

Бұл өткен жылдың жазында қаза тапқан жас рэпердің өлімінен кейін шыққан соңғы альбомы болмақ. Оның ішінде 25 трек ұсынылады. Оларды жазуға Лил Уэйн, Blink-182, Tory Lanez секілді танымал орындаушылар көмектескен. Бастапқыда XXXTentacion "Bad Vibes Forever" альбомын өзінің дебюттік жұмысы ретінде шығаруды жоспарлаған деседі. Оның достары бұл альбом 2016 шығуы керек болғанын айтқан еді.

Liam Payne – "LP1"

Картинки по запросу "Liam Payne""

Бір жылдары жасөспірім қыздардың жүрегін жаулап, сүйіктісіне айналған One Direction тобы тарап кеткеннен бері, тыңбай еңбек етіп, хит әндерімен танымал болған Зейн ғана еді. Бірақ, биыл оларды өздерінің фанаттарын бақытқа бөлемек. Өйткені, топ мүшесі Лиам Пейн өзінің дебюттік альбомын жарыққа шығарады. Әншінің өзі поп жанрынан хип-хоп пен R&B бағытына бет бұрғанын айтады. Өзінің әнжинағын Ашер мен Джастин Тимберлейктің жұмыстарына ұқсатты. Әнжинаққа Пейннің осы уақытқа дейін шыққан әндері кіреді. Ішінде Рита Орамен бірге жазған "For You" әні де бар. 

13 желтоқсан

Harry Styles – "Fine Line"

Картинки по запросу "Harry Styles""

One Direction тобы тарағаннан кейін Гарри Стайлс өзін актер ретінде сынап қана қоймай, бір әнжинақ шығарып үлгерген болатын. Егер Лиам Пэйн R&B бағытында жұмыс істесе, оның әріптесі рок пен инди стильдеріне тоқталған сияқты. Оның алғашқы альбомын сыншылар жоғары бағалады. 

Stormzy – "Heavy Is The Head"

Картинки по запросу "stormzy""

Stormzy – ағылшын рэперлерінің арасында ең үздігі. Оның алғашқы әні "Vossi Bop" әлемдік чарттарда біраз уақыт көш бастап тұрды. Жақында ол "Own It" композициясын жарыққа шығарды. Оған Эд Ширан мен Burna Boy көмектескен еді.

Akon – "Konnect"

Картинки по запросу "Akon""

Айналаңызға қарасаңыз, 2000-жылдардың сәні қайта оралғандай. Кең балақты джинс шалбарлар, тоқыма жемпірлер. Енді, міне жұлдыздар да қайта "жана бастады".  Жаңа альбомда "Lonely" мен "Smack That" секілді әндері болады. Одан бөлек, Эйкон өзінің бұрынғы R&B және хип-хоп стилінде қалатынын сөз етті.  

25 желтоқсан

Kanye West & Sunday Service – "Jesus Is Born"

Картинки по запросу "Kanye West""

Канье Уэст жақында "Jesus Is King" атты госпел-рэп-альбомын шығарған болатын. Ал, алдағы уақытқа жоспарланған "Jesus Is Born" альбомының тек жаңа жылдық сыйы екені тыңдарманға мәлім. Атауы мен күнінен басқа дерек жоқ. Соған қарағанда, әнші өз тыңдарманын таңғалдыруды көздегенге ұқсайды.

Т. Есқали