Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Аружан Тастекейдің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Аружан Тастекейдің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Аружан Тастекейдің жаңа бейнебаяны жарық көрді

Алматыда жас әнші Аружан Тастекейдің "Менің қалам" атты әні мен бейнебаянының тұсауы кесілді. Шараға Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Меруерт Түсіпбаева, Талғат Жорабаев сияқты өнер майталмандары қатысып, жас өнерпазға жылы лебіздерін білдірді.

"Менің қалам" әні – алып шаһар Алматының бүгінгі бейнесін айшықтайтын туынды. Аружан Тастекей Алматы қаласының тумасы, өз қаласын ерекше жақсы көреді. Ол өзінің жаңа бейнебаянында бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктерді көрсетіп, онымен күреседі. Жақсылықты ту етіп, ұрлық, әлімжеттік, бүлікшіліктің алдын алып, көпшілікті жақсы амалдар жасауға шақырады. Жас өнерпаз осылайша тыңдармандарына ой салып, өскелең ұрпақ үшін қаламыздың гүлденгенін, қауіпсіз болғаны аса маңызды екенін аңғартады.

Жаңа әннің авторы – белгілі музыкант Самат Рыспанбет, бейнебаянның қоюшы режиссеры – Азамат Ержанұлы. Клиптің түсірілім жұмыстарына 30 адамнан тұратын шығармашылық топ атсалысқан.

Жас өнерпаздың репертуарында "Қазағым" (2017 жыл), "Әжетайым"(2018), "Ағатайым" (2018), "Ару қыз" (2018), "Менің қалам" (2019) әндері бар.

Аружан Тастекей Ұлттық "Бала дауысы-2019" балалар ән байқауының лауреаты, "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты республикалық ән байқауының лауреаты, "Жұлдыз болғың келсе" атты республикалық ән байқауының жеңімпазы, "Планета искусств" халықаралық ән байқауының 1-орын иегері, Бота Бейсенова атындағы 2-ші республикалық өнер фестивалінің лауреаты.

Аружан Тастекей TAMOS мектебінің 7-сыныбында оқиды. Мектепте озат оқушы, бос уақытында Диана Шарапованың вокал мектебінде дайындалады. "Той Думан" телеарнасындағы "Хит теру" бағдарламасының жүргізушісі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Аружанның репертуарында осы үш тілде жазылған әндер бар.

Қазіргі таңда Аружан Ресейде өтетін "Голос дети" байқауына дайындалып жатыр.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2019, 12:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.