Playlist: Ақпанда не тыңдайсыз?

Playlist: Ақпанда не тыңдайсыз?
Фото: Коллаж

Жаңа ән жинақтар, әндер мен бейнебаяндар. Әр ай бізді жаңалықпен қуантатыны анық. Музыка әлеміндегі осы айдың басты жаңалықтары қандай болмақ?

 Within Temptation – «Resist»
1 ақпан

Голландиялық симфо-металлистердің 5 жылдық үзілістен кейін жарыққа шыққан бұл ән жинағы – «музыкадағы көтерілістің жаңа түрі». Вокалист Шарон ден Адельдің айтуынша, «Resist» альбомы – «Музыкадағы метал бағытына деген жаңа леп пен көзқарас». Сонымен қатар, ол урбан-музыканың ықпалы барында теріске шығармайды. Альбомды жарыққа шығаруға  Papa Roach вокалисті Джекоби Шеддикс пен In Flames вокалисті Андерс Фриден ат салысты.

White Lies – «Five»
1 ақпан

Топ «Five» ән жинағын осы уақытқа дейін бірге жұмыс істеген продюсер Эд Буллермен бірге жарыққа шығарды. Музыкант Гарри МакВидің сөзіне сенсек, топ шынымен осы жолы ерекше әндер жазып, жаңа бағытқа бет бұрып келеді. Ал, осыдан 3 күн бұрын тұсаукесері өткен альбомға айтылған алғашқы пікірлерге сүйенсек, еңбектері еш кетпеген секілді.

The Specials – «Encore»
1 ақпан

Ска музыка әлемінің аңызына айналған топ 18 жылдан бергі алғашқы альбомдарымен қайта оралды. Сонымен қатар, «Encore»  – вокалист Терри Холлдың қатысуымен жарыққа шығатын алғашқы альбом. Ән жинаққа 10 ән кіреді: оның сегізі – түп нұсқа болса, екеуі кавер-нұсқа(«Black Skinned Blue-Eyed Boys» The Equals және «Blam Blam Fever» The Valentines).

*Ска – 1950-жылдары Ямайкада пайда болған музыкалық стиль.

Broods – «Don’t Feed The Pop Monster»
1 ақпан

Жаңа Зеландиялық инди-поп-дуэт Broods  осы уақытқа дейін Тейлор Свифт және Элли Голдинг  секілді жұлдыздармен бірге гастрольдік сапарларда болған еді. Жақында ғана тұсауы кесілген альбом олардың үшінші жұмысы.  Вокалист Джорджия Нотт топ ылғи тәжірибе жұмыстарын жасағанды, өзгелерден ерекшеленіп «біртүрлі» болғанды» ұнататандығын айтады.

Ариана Гранде – «Thank U, Next»
8 ақпан

Әлемнің жарқын жұлдызына айналған поп-әншісі Ариананың осыған дейінгі альбомы небәрі жарты жыл бұрын шыққан еді. Дегенмен, соңғы альбомы сәтті болатыны анық. Өйткені, «Thank U, Next» және «7 Rings»  әндері Billboard Hot 100 чартында жеңіске жетті. Ал, «Thank U, Next» бейнебаяны YouTube желісінде бірнеше рекорд орнатып үлгерді. Бұрынғы ән жинақтарынан айырмашылығы – бұл альбомьда өзг әншілермен біріккен жұмыс жоқ. «Рақмет, келесі...»

Avantasia – «Moonglow»
15 ақпан

Тобиас Самметтің пікірніше, жаңа альбом бұрығыдан өзгеше.  «Кельт элементтері, этникалық музыка,хор, вокалистердің ерекше еңбегі». Жазба ұмыстарына Ханси Кюрш (Blind Guardian), Кэндис Найт (Blackmore’s Night), Джефф Тейт (Queensryche) және Михаэль Киске (Helloween) қатысты.

Florida Georgia Line – «Can’t Say I Ain’t Country»
15 ақпан

Кантри-дуэттің мүшелерінің бірі Тайлер Хаббард бұл альбом олардың балалық шақтарына оралуына себепші болғанын айтады. Өйткені, 1990 жылдары кантри музыка бағытанына қанығып өскен Florida Georgia Line дуэті үшін бұл альбоммен жұмыс істеу ләззат сыйлаған. «Can’t Say I Ain’t Country» жазба жұмысына Джейсон Деруло және кантри-әнші Джейсон Олдин қатысқан. Альбомға жаздың хитіне айналған «Meant To Be» әні де кіреді.

Индиа Ари – «Worthy»
15 ақпан

R&B-ардагері, төрт рет «Грэмми» жүлдесінің иегері атанған әншінің толық альбомы 2013 жылдан бері шықпаған еді. «Worthy» ән жинағына  махаббатқа толы «That Magic» және қоғамдық идеологияға ие  «What If» әндері кіреді. Тақырып жағынан айырмашылық барына қарамастан, екі ән де өте әдемі шыққан әрі стильді.

Lil Pump – «Harverd Dropout»
22 ақпан

«Gucci Gang»  әнімен танылған 18 жастағы америкалық рэпердің екінші альбомының жарыққа шығу уақыты бірнеше рет кейінге ығыстырылған болатын. «Harverd Dropout» ән жинағына Канье Уэстпен («I Love It») және Lil Uzi Vert («Multi Millionaire») біріге жазған әндері, сонымен қатар «Esskeetit» пен жаңа ән «Butterfly Doors» кіреді.  

Т. Есқали