Желтоқсан-плейлист: Айдың жаңа әндері

Желтоқсан-плейлист: Айдың жаңа әндері
Фото: Коллаж

Жылдың соңғы айы – есеп беретін уақыт. Жыл бойына талмай еңбек еткендер, жыл аяғында да тынбауды жөн санағандай. Мысалы, отандық жұлдыз Мадина Сәдуақасова жыл аяқталуға таяу қалғанда 3 бейнабаянды жарыққа шығарды. Желтоқсан айында плейлист жаңартамын деген жандар үшін әлемдік және отандық жүлдыздардың жаңа туындыларымен таныстырамыз.

Gucci Mane – "Evil Genius"

Рэппер "Evil Genius" ән жинағының шығатынын 2017 жылдың желтоқсан айында-ақ айтқан болатын. Billboard медиасына берген сұқбатында Gucci Mane: "Алдағы жоба менің ең үздік жұмыстарымның бірі болғанын қалаймын. Сол себепті, ең мықты продюсерлермен жұмыс істеуге тырысамын. Жетістікке қол жеткізетініме сенімді болуым керек. Жанкүйерлерім: "О, Gucci әлі де үздіктердің қатарында”, – деп жұмысыма өз бағаларын беретіндей болуы тиіс". Ал, рэппердің жазба жұмысына Бруно Марс, 21 Savage, Migos және Lil Yachty жұлдыздар қатысты. 

LP – "Heart To Mouth"


"Lost On You" деп аталатын хиттің орындаушысы өзінің жаңа ән жинағын жарыққа шығара отырып, оны былайша түсіндірді: "Микрофонға жақындап, әндете бастағанымда таңдайым мен жүрек арасындағы байланысты ұғамын. Бұрындары қала көшелері менің назарыма зәру секілді көрінетін. Енді елсіз далаға құмармын. Ол баяу ырғақты ән болсын немесе шабыттандыратын ән болсын, бәрінің шығатын жері бір". 2019 жылы әнші Ресейде концерт өткізуді жоспарлап отыр.

Мадина Сәдуакасова - Алматы City


Соңғы бір ай бойына жарыққа шыққан әншінің бейнебаяндары халықтың ықыласына бөленді. Соңғы әні махаббат пен жастар символына айналған Алматы қаласына арналғандай. Жастар стиліне мән бере бастаған Мадинаны сынағандар да аз емес. Бірақ, қолдаушылардың ізгі тілектері әншіге дем беретіні анық.

XXXTentacion – "Skins"


Осы жазда қаза тапқан жас рэппер XXXTentacion  өзінің жаңа жинақтарына дайындық жұмыстарын 2017 жылы бастаған. Осы жылы оның үш әнжинағы жарыққа шықты: "?", "Skins" және "Bad Vibes Forever". Көзі тірісінде тек 1 альбомды халыққа ұсынып үлгерді. Ал, "Skins" треклистіне тек 10 ән кіреді. Оның  ішіндегі "One Minute" әнін Канье Уэстің орындауында тыңдауға болады. Тұтас жинақтың ұзақтығы – 19 минут. Рэппердің өзі оның қысқа болғанын қалаған. 

Алан Уокер – "Different World"


2016 жылы "Faded" әнімен әлемнің хит-парадтарынан түспеген Алан Уокер есімі есте қалған еді. Ол кезде музыканттың жасы 20-ға толмаған болатын. Енді Уокер өзінің алғашқы "Different World" атты альбомын 14-желтоқсанда жарыққа шығарады. Бүгінде Алан Норвегияда ең танымал музыканттардың қатарында.   

Зейн – "Icarus Falls"


One Direction тобының экс-қатысушының екінші альбомында 27 ән болады. Өкінішке орай, Тейлор Свифтпен және Сиямен айтқан әндері треклистке енбеген. Оның орнына Никки Минаж және Тимбаландпен бірге жазған әндері енді. Тимбаланда: "Зейннің ең маңызды қасиеті – өз музыкасына деген талғамының жоғарылығы" деген пікір қалдырған болатын.  Ал, Зейннің өзі бұл кезеңді жетілген шақ деп атады.

Т. Есқали