500-ге жуық адам бір уақытта гитарада ойнады

500-ге жуық адам бір уақытта гитарада ойнады
Фото: patrioty.xyz

11 тамыз күні Сиднейдің музыка фестивалінде Гиннес кітабына тағы бір рекорд енді. 457 гитарашыдан құралған топ AC/DC ұжымының «Highway to Hell» әнін бір уақытта гитарамен сүйемелдеп орындады. Бұл жиын рекорд орнату мақсатында арнайы ұйымдастырылған. Жаңалықты алғаш болып жергілікті The Newcastle Herald басылымы хабарлады.

«Бірнеше гитараның үні жанды тебірентіп жібереді екен. Жиын өткен аумақта керемет атмосфера орнады. Мен өмірімде осынша көп гитараны және оны нақышына келтіре тартып тұрған осыншама ер азаматтарды көрмеппін»,– деді фестиваль ұйымдастыру тобының мүшесі Татьяна Марчан.

Рекордтық көрсеткішке жетуге ұйымдастырылған шараға қатысу ақылы болды. Тарихта қалатын бұл кеште аспапта ойнау үшін гитарашылар 45 доллар төлеп қатысты. Жиналған қаржы Австралиялың балалар музыка мектебінің қорына аударылды.

Барлық гитараға дауыс күшейткіш құралдар орнатылды. Жергілікті The Choirboys тобы келген қатсушыларға сүйемелдеуді бастап беріп, өздері ән шырқап тұрды. Музыка фестивалі Австралия астанасы Сидней қаласында 19 тамызға дейін созылмақ. Әлемдік рекорд ретінде тіркелген орындаушылардың видеосы Youtube желісінде де жаряланды.

Библиялық ертегілерде кездесетін шумер-вавилондықтардың ішекті аспабының тарихы тым тереңде жатыр. Алайда, бұл – жеке тақырып. Егер гитараның шығу тарихын білгіңіз келсе, мына сілтеме арқылы толық ақпаратқа қол жеткізе аласыз. 

Еске сала кетейік, Гиннес рекордтар кітабында «Топпен гитара тарту» бойынша осыған дейінгі рекорд Үндістанда тіркелген еді. 2013 жылы 368 адамнан құралған топ гитарамен «Knocking On Heavenʼs Door» әнін бірдей орындаған екен.

А. Қажиев