SMS жолдайтын гитара

SMS жолдайтын гитара

Компьютер алдында өтетін көңілді-көңілсіз уақыттар гитарада ойнап үйренуге өз кесірін тигізіп жатады. Американың Портленд қаласының тұрғыны Дэвид Нивел осы бір келеңсіздікке өз үкімін шығарып, нәтижесінде хобби мен жұмыс бір арнада тоғысқан.

Гитара синтезатор, "Arduino" процессор мен көптеген электрондық асай-үсейлердің арқасында аталған аспап түрін компьютерге жалғап, “Flying V“ пернетақталы электргитараны дүниеге әкелген. Әрбір ішек өзінің жеке сигналын жеткізуге дәрменді және бір әріпті таңбалау үшін толық бір композицияны ойнауы қажет.

Бір жолдары америкалық жігіттің көп уақыты пернақтада жазумен кететін болыпты. Содан не керек, қолайлы мүмкіндік туып тұрғанда, сүйікті аспаппен қосылып қалуды оңтайлы көрген. 

сурет:drunov.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига