Гитара аспабында үздік кавер орындаулар

Гитара аспабында үздік кавер орындаулар
Фото: desktopwallpapers4.me

Гитара – әлемде танымал әрі кеңінен тараған музыкалық аспап. Оның шектерінің саны мен жасалған материалына және өзге де ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда: классикалық, акустикалық, электроакустикалық, басс-гитара, электрогитара. Ал, аспаптың сыртқы формасы әр құрлықта әртүрлі. Ол аспаптың даму тарихына байланысты.

Дыбысы құлаққа жағымды әрі кез келген жанрдағы әуенді орындауға икемді аспапқа жастар арасында сұраныс жоғары және бұл аспапты ойнай білген адам әр отырыстың құрметті қонағына айналары анық! Назарларыңызға хит әуендердің гитарамен орындалған үздік кавер нұсқасын ұсынамыз!

Шығу тарихы

Гитараға ұқсайтын аспаптың ең ежелгісі б.з.д. 2000 жылға тиесілі. Алғашқыда бұл аспап Мысыр пен Үндістанда ситар, набла, цитра деген атаумен белгілі болған. «Гитара» атауы бертін келе Еуропада пайда болыпты.

Despacito – Luis Fonsi ft. Daddy Yankee

Sting – Shape of My Heart 

Eagles – Hotel California

George Michael – Careless Whisper

Charlie Puth – Attention

Alan Walker – Faded

Michael Jackson – Billie Jean

Ray Charles – Hit The Road Jack

Өткен 50 жылда орындалған үздік әуендер

Дайындаған: Әбдіманап Нұржан

Massaget