Димаш Орал қаласындағы қайырымдылық шарасына қатысты

Димаш Орал қаласындағы қайырымдылық шарасына қатысты
Фото: vk.com

Кеше Орал қаласында ІІІ қайырымдылық гранд бал шарасы аясында ұйымдастырылған "Бар маxаббатпен" қайырымдылық акциясында Димаш Құдайберген облыстық қарттар үйіндегі ата-әжелермен кездесіп, xал жағдайларын біліп, әннен шашу шашты. 

Бұл қайырымдылық шарасы әншілер, сазгерлер мен бишілерге толы болды. Кештің басты қонағы – қазақ елінің мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайберген. 

Оның орындауындағы 4 ән ( All by myself, Дайдидау, Көркемім, Жұлдызым) көрермендерге керемет әсер сыйлады. 

Осынау жоба идеясының авторы, бас әкімшісі және шабыт берушісі Димаштың жан досы – Алпамыс Шаримов.  Оралда мұндай бал 2015 жылы өткен болатын, ол кезде шақырылған әртістердің қатарында Димаш Құдайберген де болды. Шарадан түскен қаражат науқас балаларға көмек ретінде жұмсалмақ. Бал шеңберінде акциялар, жастарға арналған тегін тренингтер, шебер кластар өткізілді. 

Ж. Жұмағұлов