Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димашқа қытайлық жанкүйерлер соңғы үлгідегі микрофон сыйлады

Димашқа қытайлық жанкүйерлер соңғы үлгідегі микрофон сыйлады

Димашқа қытайлық жанкүйерлер соңғы үлгідегі микрофон сыйлады

Миллиондаған жанкүйерлердің сүйіктісі, ел мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайбергенге кеше қытайлық жанкүйерлер соңғы үлгідегі микрофон сыйлады. 

Бір ерекшелігі – микрофонда әншінің қолтаңбасы қойылған. Өзінің таңданысын жасыра алмаған әнші инстаграм парақшасына:

"Армысыздар, құрметті жанкүйерлер! Мен дегенде тақымын қысып, мен дегенде ішкен асын жерге қоятын менің сүйікті тыңдармандарым! Сіздерді өте жақсы көрем. Маған беріп жатқан сыйлықтарыңыз өте зор сыйлық. Әрқашан сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін талмай, тынбай еңбек етем. мен қазір үлкен тебіреніс үстінде отырмын. Өйткені, бала кезден бері осындай соңғы үлгідегі өзімнің жеке микрофоным болса деп армандайтынмын.Үлкен әртістерге қарап қатты қызығатынмын. Енді міне, өзімнің тыңдармандарым маған осындай үлкен сыйлық жасады. Сөзімді, ішкі сезімімді, қуанышымды айтып жеткізе алмай тұрмын. Сондай-ақ сіздермен бірге бастан кешкен "Singer" жобасынан бері қандай қызықты сәттер өтті, соның бәрі бейнеленген тамаша кітапты сыйлап жатырсыздар. Менің өмірімдегі сіздермен өтіп жатқан әрбір сәт алтын әріптермен қалатын сәттер. Әртіс үшін ең үлкен бақыт, ол – тыңдармандары. Сіздер барда сахнада Димаш жүре береді!" деп ыстық ризашылығын білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Димаштың домбырасы домбырасы қытайда 35 мың юаньға (1806000 теңге) сатылды. Ол көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін, домбыраны 19 қыркүйек күні «Smile Angel Foundation» қайырымдылық қорына сыйлаған болатын.

4
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2017, 11:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.