Димаштың әні қытай мектептерінде үйретілуде

Димаштың әні қытай мектептерінде үйретілуде
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісіне айналған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің "Ұмытылмас күн" әні қытай мектептерінде үйретілуде. Бұл ән оның төл туындысы, сөзін О.Байсеңгір жазған. 

Бұл туралы әнші өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады. "Менің екінші әуесқой сазгерлік жұмысым «Ұмытылмас күн» әнімді мектептерде үйретіп жатыр екен. Кішкентай ғана бүлдіршіндер, періштелер аман болсын. Әлемде тек бейбітшілік болсын! Бар әлемге ортақ тіл - музыка тілі екенін дәлелдеп жүрген барша тыңдармандарыма алғыс айтамын!" - деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш "Ұмытылмас күнді" Қытайда өткен "I am a Singer" халықаралық музыка байқауының 10 кезеңінде қазақ және қытай тілдерінде шырқап, үшінші орын алған болатын. 

Ж. Жұмағұлов