Баян Есентаева Димаштың құрметіне шығарылған ұшаққа қатысты пікірін білдірді

Баян Есентаева Димаштың құрметіне шығарылған ұшаққа қатысты пікірін білдірді
Фото: vk.com

Танымал продюсер Баян Есентаева кеше ғана Қытай елінде Димаштың құрметіне шығарылған ұшаққа қатысты пікірін білдірді. Бұл тарулы ол өзінің инстаграм парақшасына жазды. 

"Көршілеріміздің толеранттылығы таңғалдырады, тіпті тамсандырады! Енді елестетіп көріңіздер, қытайлық әнші біздің ұшақта бейнеленсе, не болар еді?!",– деп жазды ол. 

Ал, продюсердің оқырмандары оның нені меңзегенін түсінбей дал болуда. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаштың құрметіне TianDao және "Eastern Airlines" компаниялары бірлесіп ұшақ шығарған еді. Ұшақ алғашқы рейсінде 23 тамыз күні, яғни бүгін Шанхайдан Бейжің қаласына ұшады. Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналады. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын.

Ж. Жұмағұлов