Димаштың орындауында жаңа саундтрек жарыққа шығады

Димаштың орындауында жаңа саундтрек жарыққа шығады
Фото: vk.com

Қытайдың Tencent видео порталында көрермен көзайымына айналған талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің жаңа саундтрегіне арналған видеосы тарады. Әншінің өзі және PR-менеджері Алпамыс Шаримов та бұл жөнінде әлеуметтік желілерде хабарлады.

Видеодан отандасымыздың «Moonlight Blade» атты онлайн ойынына арналған «Уақыт-теңіз» (时光·沧海) әнін жазып жатқанын байқауға болады. 

«Moonlight Blade» –  қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы онлайн интернеттік ойыны. Оқиға желісі қытайлық жазушы Сюн Яухуаның шығармалар желісінің төртінші бөлімі бөлімі бойынша жасалған. Әннің толық бейнебаяны шілде айының басында шығады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш осыған дейін қытайлық «Battle of Memories» киносының саундтрегі «Memories ThatCan't Take Away» әнін және голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнін орындаған еді. 

Ж. Жұмағұлов