Димаштың орындауында жаңа саундтрек жарыққа шықты

Димаштың орындауында жаңа саундтрек жарыққа шықты
Фото: vk.com

Әлемнің алтын дауысына айналған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің орындауында «Moonlight Blade» атты онлайн ойынына арналған «Уақыт-теңіз» (时光·沧海) атты жаңа саундтрегі жарыққа шықты. 

«Moonlight Blade» – қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы онлайн ойыны. Оқиға қытайлық жазушы Сюн Яухуаның шығармалар желісінің төртінші бөлімі бойынша жасалған.

Лирикаға толы жан тыныштандыратын әуезді әнді тыңдай отырыңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, Димаш осыған дейін қытайлық «Battle of Memories» киносының саундтрегі «Memories That Can't Take Away» әнін және голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнін орындаған еді. 

Ж. Жұмағұлов