"Дайдидау"әнін фортепианода ойнаған қытай музыканты қазақ халқына алғыс айтты

"Дайдидау"әнін фортепианода ойнаған қытай музыканты қазақ халқына алғыс айтты
Фото: vk.com

Қытай пианисі Джереми Вонг (Jeremy Wong) көрермендер көзайымына айналған талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің орындаған әндерін фортепианода бірнеше рет орындады. 

Отандасымыздың "паспорт" әні "Дайдидау" десек қателеспесіміз анық. Ол "Дайдидауды" "Славян базары" байқауында, күні кеше ғана өткен "I am singer" ән додасының 7-кезеңінде орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бір жүректің үні мың жүрекке жетті. 

Джереми Вонг жақында "Дайдидауды" фортепианода орындады. "Достар! Димаштың "Дайдидау" әнінің фортепианодағы нұсқасы шықты. Осындай ғажап әні бар қазақ халқына рақмет! Әнді ойнау барысында шынайы ләззат алдым", – деді ол. Ендеше, сіздер де тыңдап көріңіздер!

Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым күні Астанада Димаштың "Бастау" атты жеке шығармашылық концерті өтеді. Концертке бірнеше шетелдік танымал жұлдыз келеді. Ол жуырда қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы «Moonlight Blade» атты онлайн ойынына арналған «Уақыт-теңіз» (时光·沧海) әнін орындады. Саундтрек шілде айының басында шығады деп күтілуде.

Ж. Жұмағұлов