"Дайдидау" әні қалай орындалып жүр?

"Дайдидау" әні қалай орындалып жүр?
Фото: vk.com

Қытайдағы "Мен әншімін" тележобасына қатысып, тартысты өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың әр орындаған әндері ғаламтор бетінде тез тарап, әлемдік тыңдармандар Димаштың әр өнер көрсетуіне реакцияларын (әсер) түсіруде. Аз ғана уақыттың ішінде үлкен танымалдыққа ие болған әншінің инстаграм парақшасына жазылушылар саны 659 мыңға жетті.

Димаштың төлқұжат әні "Дайдидау" десек, қателеспейміз. Бұған дейін ол осы әнді "Славян базары" халықаралық ән додасында орындап, бас жүлдені иеленген еді. 

"Дайдидау" әніне түсірілген клип:

"Дайдидаудың" домбырадағы нұсқасы:

Қытай қазақтарының орындауын тыңдап көріңіздер:

Димаштың "Дайдидау" әнін әр жерде қалай орындағанын мына видеодан көре аласыздар:

Естеріңізге сала кетейік, қытайлық ақпарат көздерінің айтуынша, отандасымыз "I am singer" ән байқауының 7-кезеңінде "Дайдидау" әнін орындап, 3-орын алды. 7-кезеңді осы сенбі, 4 наурыз күні Hunan TV арнасынан көруге болады. Келесі 8-кезең 11 наурыз күні көрсетіледі. Димаш жалпы есеп бойынша үздік үштікте келеді.

Ж. Жұмағұлов