Димаштың туған күні жанкүйерлері үшін мерекеге айналды

Димаштың туған күні жанкүйерлері үшін мерекеге айналды
Фото: vk.com

Бүгін шаратарапты өнерімен мойындатқан қазақ елінің мақтанышы, көрермендердің көзайымы, әлем әншісіне айналған талантты әнші Димаш Құдайбергеннің жарық дүниеге келген күні. Бұл күн жанкүйерлер үшін мереке іспетті. Айтулы күнге орай құттықтау тілектер легі толастар емес. 

Әншіні әйгілі Лара Фабиан мен Голливудтың танымал актрисасы Ева Лонгория құттықтаған еді. Сонымен бірге оның ең жақын адамдары да ыстық ықыласы мен ерекше махаббатын жеткізді. Әлеуметтік желілердегі жанүкйерлердің тілегінде тіпті есеп жоқ десе де болады. Сәт сайын жан жақтан тілектер ағылуда. 

Димашты әлем тыңдармандары қалай құттықтағанына назар сала отырыңыздар!

Ал, мына жаңалыққа таңғалмасқа болмайды. Оның қытайлық жанкүйерлері бүгін сүйікті әншілерінің туған күніне арнайы Астананадағы барлық LED экрандарды бір күнге жалға алған. Бүгін барлық LED экрандардан Димаш жайлы бейнероликтер көрсетіледі.

Құттықтау тілек білдіруден еліміздің жанкүйерлері де қалыс қалмады. Сонымен бірге көршілес Ресейдің Санкт-Петербург, Смоленск, Томск, Челябинск, Новосибирск қалаларынан тыңдармандар құттықтады. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бейжің қаласында тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесу өтеді. Ел мақтанышына порталымыздың атынан зор денсаулық, отбасылық бақыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Ж. Жұмағұлов