Әлемдік жұлдыздар Димашты туған күнімен құттықтады

Әлемдік жұлдыздар Димашты туған күнімен құттықтады
Фото: vk.com

Бүгін көмейіне бұлбұл ұялаған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Ерекше талантымен, тамылжыған даусымен әлем сахнасын бағындырған қазақ баласының жетістігіне шетелдіктер де таңдай қағып, өнер жолына сәттілік тіледі. Күллі әлемге аты мәшһүр француз әншісі Лара Фабиан мен голливудтың әйгілі актрисасы Ева Лонгория Димашты бүгінгі туған күнімен құттықтады.

Әнші Лара Фабиан Димашты туған күнімен құттықтап, оған "Happy Birthday to you" әнін орындап берді. 

Ал, Ева Лонгория болса "Сәлем, Димаш! Бұл Ева, саған қуанышты туған күн тілеймін. Сен өте таланттысың. Сені танитыныма өте қуаныштымын!" - деп ыстық ықыласын жеткізді.

Айта кетейік, бүгін Бейжің қаласында тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесу өтеді. Массагет порталы Димашты бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылығына толағай табыстар тілейді. 

Ж. Жұмағұлов