Димаш тек қана ән айтпайды

Димаш тек қана ән айтпайды

Миллиондардың көзайымына айналып, қалың көпшіліктің жүрегінен орын алып үлгерген отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайбергенов Хунан TV арнасындағы "2017 Book China" атты әдеби шығарма оқу шарасы аясында қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың өлеңін нақышына келтіріп оқыды.


Сен

Сен көрікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік - күшің.
He істеймін десең - дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!

Сен ақылды едің...
Ақылдысың!
Тал бойыңда талмаған ақыл - күшің.
Ерке мінез, есен - сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін

... Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңның ізіне көзің салшы,
Шым - шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.

Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!

Мұқағали Мақатаев

Естеріңізге сала кетейік, Димаш кеше жапондық ISSEY MIAYKE танымал брендінің сауда үйін ашу салтанатының құрметті қонағы болды. Аталған шарада Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің "Ұмытылмас күн" атты əнін орындады. Жақында ғана "Battle of memories" әні үшін "Top Global Chinese Music" жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ "Singer" тікелей эфирінің Гала концертінде Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған сазгер Айгүл Бажанованың "Махаббат бер маған, Тағдыр" атты жаңа əнін шырқады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?