Димаш жапониялық танымал брендтің сауда үйін ашты

Димаш жапониялық танымал брендтің сауда үйін ашты
Фото: vk.com

Димаш кеше Қытайдың Сиань қаласындағы жапондық ISSEY MIAYKE танымал брендінің сауда үйін ашу салтанатының құрметті қонағы болды. Ол аталған шарада Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өзінің "Ұмытылмас күн" атты əнін орындады.

Әншінің Сиань қаласындағы тыңдармандары "Ұмытылмас күн" әнін қосыла орындады. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш "Battle of memories" әні үшін "Top Global Chinese Music" жүлдесіне ие болды. Жүлдені CCTV орталық телеарнасы табыс етті. Ол жуырда ғана Battle of Memories фильмінің саундтрегін орындаған еді. Сондай-ақ "Singer" тікелей эфирінің Гала концертінде Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған сазгер Айгүл Бажанованың "Махаббат бер маған, Тағдыр" атты жаңа əнін шырқады. 

Ж. Жұмағұлов