Димаш "Top Global Chinese Music" жүлдесіне ие болды

Димаш "Top Global Chinese Music" жүлдесіне ие болды
Фото: vk.com

Сүйінші, қазақ елі! Димаш "Battle of memories" әні үшін "Top Global Chinese Music" жүлдесіне ие болды. Жүлдені CCTV орталық телеарнасы табыс етті. Ол жуырда ғана Battle of Memories фильмінің саундтрегін орындаған еді.

Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов хабарлады. "Сүйінші!!! Осымен үшінші жүлде!!! Қытайдың номері бірінші телеарнасы CCTV Димаштың орындауындағы "Battle of memories" әнін жылдың үздік әні деп танып "Top Global Chinese Music" жүлдесін әншіге табыстады!!! Қуанышымызда шек жоқ!!! Еңбекпен келген әр өнім бағаланса бақыт қой!!!", - деді ол өзінің инстаграм парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Battle of Memories фильмі Лесте Чен режиссерлік ететін ғылыми фантастикалық криминал триллер. Басты рөлдерде Хуан Бо, Ксу Джингли, Дуань Йихонг, Ян Зишань және Энн Хсу ойнайды. Бұл фильм Қытайда биылғы жылдың 28 сәуір күні жарыққа шығады деп жоспарланған. Қазақ баласының әр жеңісі біз үшін үлкен қуаныш. Отандасымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Ж. Жұмағұлов