“КешYOU” тобына 10 жыл

“КешYOU” тобына 10 жыл
Фото: bnews.kz

Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденова бірлесуімен құрылған, халықтың қошеметіне бөленген "КешYOU" тобына биыл 10 жыл. Осыған орай топ тарихына бірге көз жүгіртейік. 

"КешYOU" тобы ең алғаш 2006 жылы "Саф" деп аталып, кейін топтың аты "КешYOU" деп өзгертілді. Ең алғаш топта Әнел, Маржан, Зумрад есімді қыздар өнер көрсетті. Кейін Маржан Меңдібаева есімді қыздың орнына Мөлдір Әуелбекова есімді әнші қыз топқа келіп, топ "Мама" атты әнге алғашқы бейнебаянын түсірді.

"Мама" бейнебаянынан кейін топ "Пленник", "100 дней любви" әндеріне бейнебаян түсірді. Топтан Зумрад Гараева есімді қыз кетіп, Аида есімді қыз келді, топ алғаш рет  "Арман-ай" атты қазақ әніне бейнебаян түсірді.

Бұл құрамда да өзгеріс болып, жаңадан келген Аида топтан кетеді, Аиданың орнына Наиля Заитова есімді ару келеді. Осы құрамнан бастап көпшілік көрермендер "КешYOU" тобын тани бастады. "Персона", "Сүгірдің термесі", "Әлия" әндеріне бейнебаян түсіріп, топ бірнеше байқауларға қатысып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Топтан Найля Заитова кетіп, тағы да Мөлдір Әуелбекова мен Әнел Әрінова қалады. Топқа тағы да жаңа ару келеді, жаңа арудың есімі баршамызға белгілі – Кәмшат Жолдыбаева. Топ "Ғашық жүрек" фильміне саундтрек түсіріп, халық әні "Әдемі қыз" көпшіліктің көңілінен шығады. Топ "Шығыс базары" байқауына қатысып бас жүлдеге ие болады.

Топтан Кәмшат Жолдыбаева да кетіп, Айдана Меденова есімді ару келіп, жаңа құрамда бірнеше ай жұмыс жасады.

Топтан 6 жыл бойы жұмыс жасаған Әнел Әрінова мен Мөлдір Әуелбекова шығып кетеді. Айдана Меденованың жанына Кәмшат Жолдыбаева мен Жанар Дұғалова қосылады. Бұл құрамды көрермендер алтын құрам деп атап кетті. Бұл құрам 2-3 жылдай жұмыс атқарды.

Жеке шығармашылықпен айналысуына байланысты Жанар Дұғалова топтан кетеді. Жанардың орнына Мөлдір Әуелбекова топқа қайтып келеді.

Мөлдір Әуелбекова бірнеше ай жұмыс жасағаннан кейін топтан тағы да кетеді. Мөлдірдің орнына Жұлдыз Өмірғали есімді 18 жастағы ару келеді. Айдана, Кәмшат, Жұлдыз есімді қыздар "Келші жаныма" атты әнге түсірілген бейнебаянда бой көрсетеді.

Бірнеше ай жұмыс жасаған құрамнан Кәмшат Жолдыбаева мен Айдана Меденова кетеді. "КешYOU тобына тағы да жаңа қыздар келді, Балжан Бидаш пен Ақбота Сейтмағамбет келеді. Бүгінде топ бірнеше ән, бейнебаян түсіріп халықтың қошеметіне бөленіп жүр.

Дереккөз: juldyz-alem.kz

Н. Үсенова