Мөлдір Әуелбекова - Бірге жанымыз

Қарапайым жандар көбіне танымал адамдардың өміріне қызығушылық танытады. Экранның бергі жағындағы халық көпшілігі қарынның тоқтығы, шаруаның жоқтығынан өнер адамдарының басқан ізін аңдып, жеке өмірін бақылаумен отыратын болған. 

Олар экранның бергі жағынан қарағанда, жеке өмірлері мен қандай адам екенін білу, олардың басты іздейтін шаруасына айналған. Әдетте мұндай әрекеттер, көп жағдайларда қыздар қауымы үшін орны бөлек. Осыдан біраз уақыт бұрын ғаламтор бетіндегі "Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығыпты" деген посттар мен пікірлерден бас алып жүре алмағанымыз анық. Сұлу қыздың жүрегін қандай жігіт жаулап алғанын білгісі келгендер де көпшілік ішінен төбе көрсетіп жатты. Осы сұраққа жауап беріп, өзінің сүйіктісін халыққа клип арқылы таныстырғысы келген аяулы жар, "Бірге жанымыз" атты жаңа әніне үйлену тойларынан естелік ретінде бейнебаян түсіргенді жөн көрген екен.