Әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығады

Әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығады
Фото: tn.kz

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыққалы жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өнерпаздың директоры Меруерт Әуелбековаға сілтеме жасап.

Қалыңдық той көйлегін де таңдап қойыпты. Сонымен қатар, олардың тойының Тараз қаласында өтетіні хабарланып отыр. Айта кетейік, бұл турасында Instagram желісінде apsemet_maksat аккаунты хабарлаған еді. "Сүйікті әнші қыздарыңыз Мөлдір Әуелбаева той көлегін таңдап алды. (...) Ендеше екі жас бақытты болсын!" деп сүйіншіледі қолданушы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әнші жеке өнер көрсетіп жүр. Мөлдір Әуелбекова КешYou тобында алты жыл жұмыс істеп, 2012 жылы ұжымның қатарынан кеткен. Дәл сол уақытта топтан Анель Әрінова да кетті. 

М. Бисембаева