Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Бір мая шөп" 110,7 миллион долларға сатылды

"Бір мая шөп" 110,7 миллион долларға сатылды

Сурет өнерінің шебері Клод Моненің картинасы Sotheby's бәссаудасында рекордтық бағаға сатылды. 1890 жылы салынған "Бір мая шөп" $ 110,7 миллионға өтті. Бұл старттық бағадан 2 есе көп.

Жалпы, ұлы импрессионист шығармашылығы карикатурадан басталған. Шығармашылық жолының бастауында Моне осындай суреттер салу арқылы жан баққан. Мектепке барғанды ұнатпайтын жас бала үнемі Гавр жағалауында суреттерін 15-20 франк бағасына сатып жүретін. Сол күндердің бірінде пейзажист Эжен Буденмен жолыққан. Клодты суретші қылған да осы адам болатын. "Көзім алдымнан перде ашылғандай күй кештім! - дейтін Клод Моне. - Көркем суреттен құдіретін бір-ақ сәтте ұққандай болдым".

Суретшілер ашық аспан астында салған кескіндемелерін шеберханаға алып келіп, соңғы нүктесін сол жерде қоятын. Бірақ, Моне суретті үнемі пленэрде аяқтағанды ұнататын. Шеберханаға алып келген кезде, оның туындысы әлдеқашан аяқталып, толыққанды картина болып тұратын.

Клод Моне мен оның Огюст Ренуар, Альфред Сислей, Фредерик Базиль секілді достары Париждік салонда тек тарихи тақырыптағы суреттер қойылатынына наразы болатын. Олар "дәл қазіргі сәт" деген ұғым шеңберінде өмір сүріп, соны қағазға түсіргенді жөн санайтын. Оларға өздері өмір сүрген заман адамдарының тағдыры қызығырақ көрінетін. Кейін Моне, Ренуар, Сислей мен Базиль өздері жеке шығармашылық бірлестік құрып, 1874 жылы алғашқы көрмесін ұйымдастырады. Осыдан кейін осы суретшілер толқыны "импрессионисттер" аталып кетті. Оның атауы Моненің "Әсер. Күннің шығуы" (Impression, soleil levant) картинасына байланысты қойылды.

Моненің отбасылық өміріне тоқталып өтсек, шебердің музасы болған арудың есімі Камилла болатын. Кейін ол Моненің жұбайына айналды.  Оның "Камилла" ("Жасыл көйлектегі әйел") аталатын картинасы суретшінің танымалдығын арттырды. Жұбайы Камилла қайтыс болғаннан кейін, Моне балаларымен Жеверниге көшіп кетеді. Жаңа мекенде Моне өзінің жаңа құмарын табады. Ол бағбаншылық болатын. Үйінің аумағын гүлмен толтырып, құлпыртып жіберетін. Әсіресе, Клод өзі әрлеген су тоғанын ерекше күтіп, баптайтын. Суретші Живернидегі бағын көптеген картиналарында суреттеген. 

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 17 мамыр, 10:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.