Фрида Калоның белгісіз туындысы табылды

Фрида Калоның белгісіз туындысы табылды
Фото: pohudejkina.ru

Мексикалық қылқалам шебері Фрида Калоның "Әшекейлі ару" картинасы 1929 жылы салынған. Ол – 22 жасар Калоның автопортреті. Аталмыш туынды жеке коллекцияда сақталып, осы күнге дейін жұртшылық назарынан тасада ұсталған екен. Кало картинасы Нью-Йорк қаласындағы Sotheby's бәссаудасында 1,8 млн долларға сатылды.

Соңғы 60 жыл бойы туынды Калифорния штатындағы Калоның бұрынғы көмекшісінің үйінде сақталған. Суретші бақилық болғаннан кейін, оның өмірлік жары Диего Ривера картинаны қызметшіге сыйға тартқан екен. Әйел оны осы күнге дейін ешкімге көрсетпеген. Бұл – Кало шеберлігіне табынушылар үшін ғана емес, барша өнер сүйер қауым үшін құнды қазына.

А. Оралқызы