Сирин мен Алконост. Қуаныш пен қайғының әні

Сирин мен Алконост. Қуаныш пен қайғының әні
Фото: vk.com

Сурет атауы: "Сирин мен Алконост. Қуаныш пен қайғының әні"

Авторы: В.М.Васнецов

Салынған уақыты: 1896 жылы

Кенеп, майлы бояу. 133 x 250 см

Мемлекеттік Третьяков галереясы, Мәскеу.

Птицы радости и печали
Густых кудрей откинув  волны,
Закинув голову назад,
Бросает Сирин счастья полный,
Блаженств нездешних полный взгляд.

И,  затаив в груди дыханье,
Перистый стан лучам открыв,
Вдыхает  всё благоуханье,
Весны неведомой прилив...
И нега мощного усилья
Слезой туманит блеск очей...

Вот,  вот,  сейчас распустит крылья
И улетит в снопах лучей!
Другая — вся печалью мощной
Истощена,  изнурена...
Тоской вседневной и  всенощной
Вся грудь высокая полна...

Напев  звучит глубоким стоном,
В груди рыданье залегло,
И над ее ветвистым троном
Нависло черное крыло...
Вдали — багровые зарницы,
Небес померкла бирюза...
И с окровавленной ресницы
Катится тяжкая  слеза...

Александр Блок 

Алконост — славян мифологиясында әйел келбетті, тәтті дауысты жұмақ құсы.

Сирин — славян мифологиясында қыз жүзді, назды әнімен өлім алып келетін құс.

В.М.Васнецовтың шығармашылығы – ертегілер, аңыздар, тарихи және фольклорлық сюжеттер. Оның ішінде, көне славяндық пұтқа табынушылық тақырыбы көптеп кездеседі. Солардың қатарында осы біз әңгімелегелі отырған "Сирин мен Алконост. Қуаныш пен қайғының әні" картинасы да бар.

Суреттің ортасында ағаш бейнеленген, оның бұталарында қос құс ән салып отыр, бірі  – Алконост, екіншісі – Сирин. Біріншісі болашақта жұмақ орнайтыны туралы шырқаса, қасындағысы жұмақтың адамзат өмірінде енді болмайтынын, өткеннің еншісінде қалғанын қайғыра әндетеді. Оларды жартылай құс, жартылай адам бейнесінде көрсету көркем өнерде дәстүрлі жағдай болып есептеледі. Васнецовтың негізгі сюжеттен ауытқуы – оларды түрлі жынысты етіп көрсепегені.

Алконост құсы жарқын болашақ, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған  заманға сенетінін қылқалам шеберінің құсты ашық реңде, түрлі-түсті қанаттармен бейнелегенінің нәтижесінде анық көре аламыз. Аңыз бойынша Алконост ән салғанда барлығын ұмытып, жан-тәнімен беріле шырқайды-мыс. Бұл ерекшелікті суретші әсерлі әдіптей білген.

Сирин болса қайғыға батқан. Алконост құшағын айқара ашса, Сирин басын иіп, төмен қарайды. Оның қараңғы реңдегі бейнесі жүрекке жуалдыздай қадалады. Сирин салған ән өлім әкеледі деседі.

Картинаның көркемдік-эстетикалық әсері бір төбе. Оған 1899 жылы жас ақын-символист Блок жыр арнады.

А. Оралқызы