Бір суреттің тарихы: «Александр Сергеевич Пушкин Михайлов ауылында»

Бір суреттің тарихы: «Александр Сергеевич Пушкин Михайлов ауылында»
Фото: vk.com

Автор: Николай Ге
Салынған жылы: 1875 
Кенеп, майлы бояу. 77 x 106 см 
Харьков Өнер мұражайы, Украина 

Николай Генің бұл туындысын дұрыс бағалайтындар табылмады. Суретте Пушкин айдауда жүрген шағы бейнеленген. Оған баруға рұқсат етілмегенімен, Пущин досы ол тұрақтаған Михайлов ауылына барып қайтады. Осы ауылда пайда болған туындыларын Пушкин досына шабыттана оқып тұр, ал Пущин оны диванда тамсана тыңдап отыр. Кейін, Ге салған суретті Некрасов сатып алады. Оның көшірмесін жасатып, ақынның ұлына мынадай жазумен тарту етеді: «Григорий Александровичй Пушкинге Николая Геден. 1875 жыл». 

Өз дүниелерінің халық арасында қолдау таппағаны қылқалам шеберіне қатты әсер етеді. Тіпті, ол өз талантына күмәндана бастады. Ол суретші болуға жаралмағандай сезінді.

Николай Николаевич 1875 жылы мәдениет орталығы Петербордан кетіп қалады. Чернигов губерниясынан жер алып, сонда тұрақтайды. Өмірің бұл бөлігі Генің санасында төңкеріс орнатты. Ол сурет өнерінен алшақтап, діни бағытқа бет бұрды. Сондай-ақ, өзі үшін жаңа өнер үйренді. Ол – пеш салу. Бірақ, ол кей кейде көршілерінің портреттерін салып тұратын.

А. Оралқызы