"Мулан" фильмінің жаңа трейлері шықты

"Мулан" фильмінің жаңа трейлері шықты
Фото: film.ru

Disney студиясының YouTube арнасында атақты "Мулан" мультфильмі киноадаптациясының екінші трейлері шықты. Аталған видео роликте бұрынсоңды көрінбеген жаңа кейіпкерді байқауға болады. Ол – Муланның құпиясын алғаш болып білетіндердің бірі. Кейіпкер – жауыз мыстан. 

Алғашқы трейлердегідей Мушу жоқ. Көрермендер Мушудың орнына мыстан мен феникс құсы қосылды деп болжап отыр.

"Мулан" фильмінің түсірілімі Қытай және Жаңа Зеландияда өткен. Бұл жобаға қазақстандық Жайдарбек Кунгужинов те атсалысқан. Ол тек каскадер ретінде ғана емес, актер ретінде бағын сынаған.

Т. Есқали