Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / #MassFilm: Желтоқсан айында жарыққа шығатын фильмдер

#MassFilm: Желтоқсан айында жарыққа шығатын фильмдер

#MassFilm: Желтоқсан айында жарыққа шығатын фильмдер

Қыстың алғашқы айы жаңа жылдық көңіл күймен зу етіп өте шығады. Желтоқсан айында тойланатын мерекелер, сәйкесінше демалыс күндер көп. Ал, демалысты тиімді өткізудің ең тиімді тәсілі – достармен бас қосып, бірге кино қарау. Бүгін алдағы күндері жарыққа шығатын жаңа фильмдер топтамасын ұсынамыз. 

5 желтоқсан

Соңғы Рождество /Last Christmas/  Рождество на двоих
Шығарушы ел: АҚШ, Ұлыбритания
Жанры: драма, комедия, мелодрама
Режиссер: Пол Фиг
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "last christmas 2019""

Фильмдегі бас кейіпкерді "Тақтар ойыны" сериалы арқылы көрермен ықыласына бөленген Эмилия Кларк сомдаса, ғашық жігіттің рөлін "Ессіз бай азиялықтар" фильмімен танымал Генри Холдинг ойнайды. Фильм күнделікті күйбең тіршіліктен жалыққан, бір сарынды өмір сүріп жатқан Кейт есімді бойжеткен туралы. Ол Рождество қарсаңында Том есімді жігітті кездестіреді.

Тоқтар шайқасы  / The Current War /Война токов
Шығарушы ел:
АҚШ, Ұлыбритания
Жанры: триллер, тарих, шытырман
Режиссер: Альфонсо Гомес-Рехон
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "война токов""

Америка, XIX ғасырдың соңғы жылдары. Атақты өнертапқыштар Томас Эдисон мен Джордж Вестингауз арасындағы бәсеке. Олар әлемге "жарық көзін" сыйлайтын құрылғы ойлап табу үшін жанталасуда. Томас жеңіске жету үшін кез келген әдіске барады. Дегенмен, бұл екеуіне жаңа қарсылас пайда болады. Ол — серб ғалымы Никола Тесла.

21 көпір /21 Bridges /21 мост
Шығарушы ел:
АҚШ
Жанры: триллер, драма, шытырман, криминал
Режиссер: Брайан Кирк
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "21 Bridges 2019""

Бас кейіпкер Манхэттенде ұрлық жасау кезінде 8 полиция қызметкерін аяусыз өлтірген қарақшылардың ізіне түседі. Оның аяғынан шалуға тырысатындар да жоқ емес. Бірақ, қылмыскерлер ешқайда қаша алмайды. Өйткені, тарихта алғаш рет полиция Нью-Йорктен шығатын барлық жолды жапқан еді. Соның ішінде 21 көпір де бар.

Жетім Бруклин  / Motherless Brooklyn /Сиротский Бруклин
Шығарушы ел
: АҚШ
Жанры: триллер, драма, шытырман, криминал
Режиссер: Эдвард Нортон
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу "Сиротский Бруклин""

Туретт синдромына шалдыққан детектив Лайонел Эссрог өзінің әріптесі әрі досы Фрэнк Миннің беймәлім өлімін зерттеуге тырысады.Оның қолында аздаған деректер ғана бар. Толық айғақ табу үшін ол өмірін қауіпке тігеді.

Жылдамдық / Гонка
Шығарушы ел:
Қазақстан
Жанры: экшн
Режиссер:  Туребек Орын
Жас шектеуі: 14+

Жанель – тағдыр тәлкегіне ұшыраған бойжеткен. Анасы туа салысымен одан бас тартса, әкесі оның бұл өмірде барынан хабарсыз. Ол қатыгез көше тәртібімен өмір сүруге мәжбүр. Бас кейіпкер мен оның сүйіктісі бірнеше жылдар бойына көшеде ұйымдастырылатын заңсыз көлік жарысына қатысып келеді. Қалада оларды үздіктер деп танығанымен, әрдайым жеңілетін Влал олай ойламайды. 

Айуан / Biseuteu /Зверь
Шығарушы ел:
Оңтүстік корея
Жанры: триллер, драма, шытырман, криминал
Режиссер: Ли Чон-хо
Жас шектеуі: 18+

Картинки по запросу "Biseuteu""

"Айуан" фильмінің басты кейіпкерлері – бір-бірімен жұмыс істей алмайтын детективтер. Дегенмен, бұл жолы олар қылмыскерді ұстау үшін бірге қызмет етуге мәжбүр. 

Үй / H0us3 /Пароль: Хаус
Шығарушы ел: Испания
Жанры: триллер, драма, хоррор
Режиссер: Маноло Мунгуйя
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "Пароль: Хаус""

Рафа мен Люсия өз достарын қала сыртында орналасан үйлеріне қонаққа шақырады. Кешкі ас кезінде Рафаның достарыны бірі интернет желісінен жасырын бір құжаттарды жүктегенін және оны телефонға орнату арқылы болашақты көруге болатынын айтады. Олар қауіпті ойынды бір рет өз көздерімен көруге шешім қабылдайды. Бірақ, бәрі олар ойлағандай оңай бола ма екен?  

12 желтоқсан

Хайп ұстаған ата / Аташка на хайпе
Шығарушы ел:
Қазақстан
Жанры: комедия
Режиссер: Анвар Матжанов
Жас шектеуі: 16+

Фильмнің бас кейіпкері – университ профессоры. Студенттердің біріне жұрт алдында сөйлегені үшін оны жұмыстан шығарып жібереді. Басшылық оны тым қатыгезсің деп жазғырады. Далада қалған ол енді нені ермек етерін білмей дал болады. Ол ойламаған жерден оның университеттегі видеосы желіде танымал болғанын біледі. Болашақта не күтіп тұрғанын блімесе де, ол оның еш қиындықсыз жақсы жаққа өзгертуге заманауи технологияның ғана қауқары барын түсінеді. 

Азат /El Freeman/ Свободный
Шығарушы ел:
Қазақстан
Жанры: драма,криминал
Режиссер: Елжас Рахимбеков, Антонио Чавес
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "el freeman""

Эл – Лос-Анджелесте америка билігінен қашып жүрген иммигрант. Ол көлікте өмір сүреді, жүк тасушы болып қызмет етеді. Досы Артурмен бірге кілттердің көшірмесін жасап, бұрынғы тапсырыс берушілердің үйін тонауға кіріседі. Бір күні оған бай, бірақ жалғыз өмір сүріп жатқан Амбассадор есімді қарт жолығады. 

Джуманджи: жаңа деңгей /Jumanji: The Next Level/ Джуманджи: Новый уровень
Шығарушы ел: АҚШ
Жанры: фэнтези, комедия, драма, шытырман
Режиссер: Джейк Кэздан
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "Джуманджи: Новый уровень""

Ойында қалып қойған достарын құтқару үшін олар ойынға қайта оралуға мәжбүр болады. Өкінішке орай, Джуманджи ойының ережелері өзгеріп кетеді. Енді олар қайтада күресуге, ойын ережесімен қайта танысуға мәжбүр болады. 

19 желтоқсан

Жұлдызды шайқас: Скайуокер даңқы /Star Wars: The Rise of Skywalker/ Звёздные Войны: Скайуокер. Восход
Шығарушы ел: АҚШ
Жанры: фэнтези, комедия,әскери, шытырман
Режиссер: Джеффри Джейкоб Абрамс
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "Звёздные Войны: Скайуокер. Восход""

Фильм Скайуокер әулетінің оқиғасын аяқтап, алдыңы бөлімдердегі барлық сұрақтың жауабын береді.  

Жолсерік /Yol Arkadasim/ Попутчики
Шығарушы ел:
Түркия
Жанры: комедия
Режиссер: Бедран Гузель
Жас шектеуі: 14+

Картинки по запросу "Yol Arkadasim""

Онур - дәрілік заттардың дистрибьюторі. Оның үш мақсаты бар: бірі өзінің сүйіктісінің отбасымен танысу, жұмысқа қай оралу. Онур жолға шығарда Шереф деген белгісіз адаммен танысады. Оларды жол бойына шытырман оқиға күтеді. 

Тылсым мұра / Паранормальное наследство
Шығарушы ел: Қазақстан
Жанры: комедия, тылсым
Режиссер: Жанибек Жанкараев
Жас шектеуі: 16+

Картинки по запросу "Паранормальное наследство""

Мұрагер балалар үйінен кейін лашықта тұрып, көшеде қара жұмыс істеуге мәжбүр. Бір күні оған әкесінен қалған мұра туралы ақпаратпен заңгер келеді. Өмірі бір қалыпқа түсе бастағанымен, Мұрагер үйдің тылсым күші барын ұғады. 

26 желтоқсан

Off-line демалыс 2/ Каникулы off-line 2
Шығарушы ел:
Қазақстан
Жанры: комедия, драма
Режиссер: Руслан Акун
Жас шектеуі: 10+

Картинки по запросу "Каникулы off-line""

Қайрат инвесторлардың ұыныс қабылдап, ірі холдингте басшылық жұмысқа орналасады. Ал, олардың "Ауылкемп" балалар лагері Дастан мен Болатқа қалады. 

Қазақша бизнес Кореяда / Бизнес по-казахски в Корее
Шығарушы ел:
Қазақстан
Жанры: комедия, драма
Режиссер: Ален Ниязбеков
Жас шектеуі: 14+

Картинки по запросу "Бизнес по-казахски в Корее""

Жомарт Канатұлының қонақ үйінде халықаралық компанияның конференциясы өтеді деп жоспарлануда. Бұл жолы олар жаңа технологияны қонақтарға көрсетпек. Бақдаулет ақымақтықпен тұтынушының қымбат роботын сындырып алады. Жөндеу жұмысы тек Сеулде жасалады. Бас кейіпкерлер Оңтүстік Кореяға аттанады. Келеңсіз жайттардан қашу үшін олар Еркошты Қазақстанда қалдырып кетеді.  

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: kino-teatr.ru/ vokrug.tv/ rutube.ru/ screenrant.com
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2019, 15:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.