"Джокер" жалғасады

Биыл шыққан фильмдер арасында жұрт назарын аударған "Джокердің" жалғасы түсіріледі. Warner Bros. Pictures Group басшысы Тоби Эммерих режиссер Тодд Филлипске өз рұқсатын берген.

The Hollywood Reporter хабарлағандай, "Джокер" фильмінің жалғасы үшін 96 миллион доллар жұмсалмақ. Бұл кинотуындының біріншісіне қарағанда 36 миллион долларға көп.

Фильм қашан, қайда, қалай жалғасатыны жайлы ақпараттар әзірге жарияланған жоқ. Басты рөлді Хоакин Феникстің өзі сомдайтын болады. Ал сценарийін Скотт Сильвер жазады.

"Джокер" биыл 16 номинация бойынша "Оскар" сыйлығына ұсынылады деп күтілуде.

Айта кетейік, “Джокер” фильмі премьерасы 2019 жылдың 31 тамызында 76-шы Венеция кинофестивалінде өтті. Картина фестивальде бас жүлде – "Алтын Арыстанды" иеленді. Ал фильм туралы қызықты ақпаратты “Тағдырдың күлкісіне қалған Джокер” атты мақаламыздан оқып біле аласыздар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?